Иран АҚШ- қа ескерту жасады

Иран Сыртқы істер министрінің орынбасары Саид Хатибзаде АҚШ әскері Иран аумағына орналастырылған жағдайда,олардың ұзаққа созылған қақтығысқа тартылып, «тағы бір Вьетнаммен» бетпе-бет келуі мүмкін екенін ескертті.

By
Иран АҚШ-тың Иранмен соғыста "екінші Вьетнам" қаупін төндіретінін мәлімдеді. / AP

Ирандық шенеунік дүйсенбі күні эфирге шыққан “Sky News” арнасына берген сұқбатында: «Вьетнамда не болғанын оқып шығыңыз», - деді.

Хатибзаде Иран қажет болғанша соғысты жалғастыруға дайын екенін және қазіргі уақытта дипломатиялық шешім іздеу басымдық емес екенін айтты.

Иранның жоғары лауазымды дипломаты келіссөз мүмкіндігін жоққа шығармады, алайда қақтығысқа түбегейлі нүкте қоятын ұсынысты АҚШ пен оның одақтастары ұсынуы тиіс екенін атап өтті.

“Израиль АҚШ-ты соғысқа тартты”

Хатибзаде сондай-ақ Беньямин Нетаньяхуды АҚШ-ты соғысқа тартты деп айыптады.

Ол: «Олар Иранға байланысты екі рет ойлануы керек және Иранды білмейтін, америкалық салық төлеушілер мен америкалық сарбаздардың қанымен Иранға қарсы соғыста жеңуді көп жылдан бері мақсат еткендердің кеңесіне құлақ аспауы тиіс. Нетаньяху мен Израиль режимінің бұл соғысты баршаға зиян келсе де, өз мүддесі үшін жеңіп шығуға бағытталған жеке жоспары бар», — деді.

Хатибзаде Иранның жаңа Жоғарғы көшбасшысы Моджтаба Хаменейдің денсаулығына да тоқталып, оның жұрт алдына шықпағанына қарамастан «дені сау және қызметін атқарып жүргенін» хабарлады.