АҚШ президенті Дональд Трамп Иран ядролық бағдарламасына қатысты нақты шара қабылдаған жағдайда Тегеранға салынған санкцияларды жеңілдетуге және елдің бұғатталған пайдалануға мүмкіндік беруге дайын екені туралы ақпаратты жоққа шығарды.
Трамп әлеуметтік желідегі парақшасында “Axios” жариялаған хабардың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.
«Бұл дұрыс емес. Мен оларға ештеңе ұсынған жоқпын», – деген Трамп ақпаратты дереу алып тастауды талап етті.
“Axios” бұған дейін аты-жөні аталмаған америкалық шенеуніктерге сілтеме жасап, Вашингтон Иранның ядролық бағдарламасына қатысты нақты шараларға жауап ретінде санкцияларды жеңілдету және бұғатталған қаражатты босату мүмкіндігін қарастырып жатқанын хабарлаған еді.
Басылымның мәліметінше, бұл мәселе Катар мен Пәкістанның АҚШ пен Иран арасында келісімге қол жеткізуге бағытталған делдалдық келіссөздері кезінде талқыланған.

















