ЭКОНОМИКА
2 ... минут оқылды
АҚШ пен Қытай сауда соғысына 90 күнге үзіліс жариялап, кедендік тарифтерді төмендетті
Екі алпауыт ел "экономикалық және сауда қатынастары бойынша келіссөздерді жалғастыру үшін жүйе құруға" келісті.
АҚШ пен Қытай сауда соғысына 90 күнге үзіліс жариялап, кедендік тарифтерді төмендетті
/ AP

Америка Құрама Штаттары мен Қытай дүйсенбі күні жаһандық нарықтарды алаңдатқан және әлемдік экономикалық рецессия қаупін күшейткен сауда соғысын жұмсарту мақсатында өзара енгізілген тарифтерді 90 күнге айтарлықтай төмендету туралы келісім жасағандарын хабарлады.

АҚШ Президенті Дональд Трамп бастаған сауда текетіресінен кейін алғаш рет өткен келіссөздер нәтижесінде әлемнің екі ірі экономикасы үш таңбалы тарифтерді екі таңбалы деңгейге дейін түсіру және келіссөздерді жалғастыру жөнінде бірлескен мәлімдеме жариялады.

АҚШ Қаржы министрі Скотт Бессент Қытай Премьер-министрінің орынбасары Хэ Лифэн және халықаралық сауда өкілі Ли Чэнганмен өткен демалыс күндеріндегі кездесулерді "нәтижелі" және "тұрақты" деп сипаттады. Бессент журналистерге: «Екі тарап та үлкен құрмет көрсетті», - деді.

АҚШ Президенті Трамп өткен ай Қытайдан келетін импортқа 145 пайыз көлемінде кедендік баж салығын енгізген болатын. Басқа елдерге бұл көрсеткіш 10 пайыз еді. Пекин бұл әрекетке жауап ретінде америкалық тауарларға 125 пайыздық тарифпен қарсы жауап қайтарды. Бессенттің айтуынша, екі тарап тарифтерді 115 пайызға азайтуға келіскен. Осылайша АҚШ тарифтері 30 пайыз, ал Қытай тарифтері 10 пайыз төмендейді.

Ортақ мәлімдемеде екі тараптың “экономикалық және сауда қатынастары туралы келіссөздерді жалғастыру үшін жүйе құру” жөнінде келіскені айтылды. Қытай келіссөздер барысында қол жеткізілген “маңызды ілгерілеуді” оң бағалады.

Қытай Сауда министрлігі: “Бұл қадам екі елдің және бүкіл әлемнің ортақ мүдделеріне сай келеді,” деп атап өтіп, Вашингтонның “біржақты тарифтік өсімге қатысты қате әрекеттерін түзету үшін Қытаймен жұмысын жалғастыратынына” үміт білдірді.

Сәуір айында Трамп бастаған салық шараларынан кейін құнсызданған доллар бұл жаңалықпен қайта нығайып, АҚШ-тың қор нарығындағы фьючерстік келісімшарттар өсті. Еуропа мен Азия нарықтары да бұл жаңалыққа оң реакция білдірді. Вашингтон мен Пекин арасындағы сауда дауы қаржы нарықтарын шайқалтып, салықтардың инфляцияны қайта күшейтіп, жаһандық экономикалық құлдырауға алып келуі мүмкін деген алаңдаушылықты арттырған еді.

Іздеу
«Bayraktar TB2» Албаниядағы орман өртін ауыздықтауға көмектесті
Грекияда 106 жерде Палестинаға Бостандық митингілері өтті
Сирия Ресеймен әскери базалар жөнінде келісімге қол жеткізді
Түркия, Сауд Арабиясы және Пәкістан Мекке қорғаныс келісіміне қол қойды
Қырғызстанда Еуразия Үкіметаралық Кеңесінің отырысы өтті
ЮНИСЕФ: «Газада атысты тоқтату жарияланғаннан бері 300 бала қаза тапты»
«Wildberries» ғимаратын өрт шарпыды
Таиландта бір оқушы 8 адамды өлтіріп, 23 адамды жаралады
Таиландта мектепте шабуыл жасалды
Шариф Сауд Арабиясына сапарын бастады
Израиль Диаспора министрі Чикли: “Макрон бізге сатқындық жасады”
Түркия, Сауд Арабиясы және Пәкістан үшжақты келісімге қол қоймақ
Президент Ердоған Сауд Арабиясына сапарлай барады
Украина Сыртқы істер министрі  бейбітшілік үшін көшбасшылардың кездесуі қажет екенін айтты
Тарихи Кадыкалеси ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра тізіміне үміткер нысан атанды