Израиль армиясының атысты тоқтату режиміне қарамастан Газа секторына жасаған шабуылдары салдарынан соңғы 48 сағатта әйелдер мен балаларды қоса алғанда 18 адам қаза тауып, 48 адам жараланды.
Газадағы Денсаулық сақтау министрлігінің жазбаша мәлімдемесінде Израильдің 2023 жылдың қазанынан бері Газа секторына жасаған шабуылдарынан болған адам шығыны туралы жаңартылған деректер жарияланды.
Мәлімдемеде Израиль шабуылдары жалғасып жатқан Газада соңғы 48 сағат ішінде ауруханаларға әйелдер мен балаларды қоса алғанда 19 адамның мәйіті мен 48 жаралы жеткізілгені хабарланды. Мәйіттердің 18-і Израильдің жаңа шабуылдарында қаза тапқандарға, ал біреуі бұрын жараланып, ем қабылдап жатқан кезде көз жұмған палестиналыққа тиесілі екені атап өтілді.
Газада атысты тоқтату режимі күшіне енген 2025 жылдың 10 қазанынан бері Израиль шабуылдарынан қаза тапқандар саны 1705-ке, жараланғандар саны 6 мың 163-ке жеткені айтылды.
Израильдің 2023 жылдың қазан айынан бері Газа секторына жасаған шабуылдарында қаза тапқандардың жалпы саны 74 мың 772-ге, ал жараланғандар саны 176 мың 298-ге жеткені хабарланды.
Газа секторында үйінділер астында әлі де мыңдаған мәйіт бар екені айтылуда.














