Түркия Мысырда болған танкер өртінен қаза тапқандарға байланысты осы елдің халқына көңіл айту жеделхатын жолдады.
Сыртқы істер министрлігінің жазбаша мәлімдемесінде кеше Мысырдың Гиза уалаятындағы айналма жолда болған танкер өрті салдарынан адамдардың қаза табуына терең күйзеліс білдірілгені атап өтілді.
Мәлімдемеде «Апатта қаза тапқандарға Алладан рақым тілейміз, жақындары мен Мысыр халқына көңіл айтамыз, ал зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тілейміз», – делінген.
Мысыр астанасы Каирдің батысындағы Гиза қаласында мұнай тиелген танкерде шыққан өрт салдарынан 31 адам қаза тауып, 21 адам жараланған болатын.














