САЯСАТ
2 ... минут оқылды
Трамп президент Мадуро мен жұбайының Венесуэладан күштеп шығарылғанын мәлімдеді
Президент Трамп Мадуро мен жұбайының Венесуэладан АҚШ-тың сәтті операциясы нәтижесінде шығарылғанын жариялады. Бұл операция ауқымды әскери шабуыл кезінде жүзеге асырылды.
Трамп президент Мадуро мен жұбайының Венесуэладан күштеп шығарылғанын мәлімдеді
Трамп президент Мадуро мен жұбайының Венесуэладан күштеп шығарылғанын мәлімдеді / AFP
3 Қаңтар 2026

АҚШ президенті Дональд Трамп сенбі күні Вашингтонның Венесуэлаға қарсы «ауқымды шабуыл» ұйымдастырғанын және мемлекет басшысы Николас Мадуро мен жұбайының қолға түсіп, елден шығарылғанын айтты.

Президент Трамп “Truth Social” әлеуметтік желісіндегі мәлімдемесінде «Америка Құрама Штаттары Венесуэла мен оның лидері Николас Мадуроға қарсы сәтті түрде ауқымды шабуыл жасады, ол жұбайымен бірге ұсталып, елден шығарылды», — деп атап өтті. Трамп бұл әскери рейдтің «АҚШ құқық қорғау органдарымен тығыз ынтымақтастықта» жүргізілгенін жеткізді.

АҚШ президенті оқиғаның егжей-тегжейі кейінірек жарияланатынын және Флорида штатындағы Мар-а-Лаго резиденциясында сағат 11.00-де баспасөз мәслихаты өтетінін хабарлады.

ҚатыстыTRT Қазақ - Венесуэла мен АҚШ президенттері сөйлесті

Сонымен қатар “New York Times” басылымына берген қысқаша телефон сұхбатында Трамп шабуылдың сәттілігін жоғары бағалап, «Өте жақсы жоспарлау, өте мықты сарбаздар мен ғажайып адамдар болды. Шын мәнінде, бұл кемеңгерлікпен жасалған операция еді», — деді.

Операцияға Конгрестің рұқсаты немесе Венесуэланың болашағы туралы сұрақтарға Трамп баспасөз мәслихатында жауап беретінін айтты.

Мадуро АҚШ бақылауында

АҚШ Мемлекеттік хатшысының орынбасары Кристофер Ландау Мадуроның «жасаған қылмыстары үшін сот алдында жауап беретінін» айтты. Ландау “X” желісіндегі жазбасында «Венесуэла үшін жаңа таң атты! Қанаушы кетті. Ол қылмыстары үшін әділ сотпен бетпе-бет келеді», — деді.

“CBS News”-тің хабарлауынша, Мадуроны ұстау операциясын АҚШ армиясының таңдаулы арнайы жасағы “Delta Force” жүзеге асырған. АҚШ сенаторы Майк Ли Мемлекеттік хатшы Марко Рубионың өзіне Мадуроның АҚШ-та қылмыстық айыптармен сотталу үшін тұтқындалғанын хабарлағанын айтты. Рубионың айтуынша, Мадуро АҚШ-тың бақылауына өткендіктен, Венесуэлада бұдан былай басқа әскери әрекеттер күтілмейді.

Осы арада Венесуэла вице-президенті Делси Родригес Мадуроның қайда екенінен «хабарсыз» екендерін мәлімдеп, Трамптан «Президент Мадуроның тірі екендігіне дәлел» талап етті.

ҚатыстыTRT Қазақ - Венесуэла Колумбиядан әскери қолдау сұрады
Іздеу
Президент Ердоған ЕО Комиссиясының төрайымымен АҚШ пен Израильдің Иранға жасаған шабуылын талқылады
АҚШ-Израиль әуе соққылары кезінде Иран астанасындағы Ганди ауруханасы нысанаға алынды
Хаменеидің өлімінен кейін Карачидегі АҚШ консулдығында қанды қақтығыс болды
Әли Хаменеи қаза тапқаннан кейін ирандықтар көшеге шықты
Иран Израиль мен Шығанақтағы АҚШ базаларын нысанаға алды
Трамп АҚШ-тың Иранда «ауқымды  операция» бастағанын жариялады
АҚШ пен Израиль Иранға шабуыл жасады
Израиль  Оңтүстік Ливандағы «Хезболла» нысаналарына соққы берді
Канада Тель-Авивтегі қызметкерлері мен Ирандағы азаматтарын шақырып жатыр
Әлемдегі ең ірі ұшақ тасымалдаушы кеме Израиль жағалауына жетті
“Anthropic” Пентагонның ЖИ қауіпсіздігін әлсірету талабына қарсы шықты
Сауда министрі Болат: «Түркияның жалпы ішкі өнімі биыл 1,6 триллион долларға жетеді»
Иран Пәкістан мен Ауғанстанға делдал болмақ
Түркия «COP31» қарсаңында кездесу өткізді
Ресей Бейбітшілік кеңесі мен БҰҰ-ның қалай үйлесетініне күмән білдірді