ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Румыния “Mistral” әуе қорғаныс жүйелерін сатып алмақ
Еуропа Одағының бірлескен сатып алу келісімі аясында Румыния Франциядан 726 миллион доллар көлемінде 231 "Mistral MANPADS" және 934 зымыран сатып алады.
Румыния  “Mistral” әуе қорғаныс жүйелерін сатып алмақ
Румыния “Mistral” әуе қорғаныс жүйелерін сатып алмақ / Reuters
27 Қараша 2025

Румыния Қорғаныс министрлігі бірнеше Еуропалық Одақ елімен жасалған бірлескен сатып алу келісімі аясында құны 626 миллион евродан (726 миллион доллардан) асатын француздың “Mistral” әуе қорғаныс жүйелерін сатып алатынын хабарлады.

Министрлік сейсенбі күні Франция Қорғаныс министрлігімен “MBDA” зымыран өндірушісі жасайтын 231 дана “Mistral” иықтан атылатын әуе қорғаныс жүйесі (“MANPADS”) мен 934 зымыранды, сондай-ақ оқу-жаттығу, симулятор және логистика пакетін қамтитын сатып алу келісіміне қол қойылғанын хабарлады.

Мәлімдемеде техниканың қашан жеткізілетіні нақты көрсетілмеген. Румыния депутаттары сатып алу жоспарын алғаш рет 2022 жылы мақұлдаған болатын.

Дрондардың әуе кеңістігін бұзуы

ЕО мен НАТО мүшесі Румыния Украинамен 650 шақырымдық шекараны бөліседі және Ресей Дунай арқылы Киевтің порттарына шабуылдауды бастағаннан бері дрондар Румынияның әуе кеңістігін бірнеше рет бұзып, көптеген дрон бөлшегі Румыния аумағына құлады.

Қазіргі уақытта Румыния әуе қорғанысына “F-16” жойғыш ұшақтары, “Patriot” жүйелері, “Lockheed Martin”-нің “HIMARS” реактивті зымыран жүйелері, қысқа қашықтыққа арналған Оңтүстік Кореяның “Chiron” зымырандары және Германияның “Gepard” әуе қорғаныс зеңбіректері кіреді.

Сонымен қатар Румыния Еуропа Одағының жаңа қорғаныс қаржыландыру жүйесі шеңберінде Украинамен бірлесіп дрон құрастыруды жоспарлап отыр.

Румынияның және Американың қорғаныс шенеуніктері Румынияға АҚШ ұсынған жаңа “Merops” дронға қарсы жүйесін орналастыру үдерісі соңғы кезеңге жеткенін мәлімдеді.

Іздеу
Пәкістан Кабул мен Ауғанстанның шекаралас аймақтарына шабуыл жасады
Бейрутта 2 адам қаза тапты
Таяу Шығыстағы соғыс мұнай жеткізіліміне ең ауыр соққы болды
Сегіз ел Израильдің Рамазан айында Әл-Ақса мешітіне енгізген шектеулерін айыптады
Ресей Украинаны «террорлық шабуыл» жасады деп айыптады
«Израиль соғыс басталғалы 6 000-нан астам әуе соққысын жасады»
Солтүстік Корея екінші қанатты зымыран сынағын өткізді
Израильдің шабуылынан 16 адам  қаза тауып, 26 адам жараланды
Исфахан қаласындағы Ресей консулдығы шабуылдардан зардап шекті
Швейцарияның батысындағы автобус өртінде алты адам қаза тапты
Иранның Сыртқы істер министрі келіссөздерден бас тартты
АҚШ Ауғанстанды «заңсыз қамауға алуды қолдайтын мемлекет» деп жариялады
Израиль Ливанның оңтүстігіндегі христиан ауылында маронит католик дін қызметкерін өлтірді
36 мыңнан астам америкалық Таяу Шығыстан эвакуацияланды
АҚШ 11 дана «MQ-9 Reaper» ұшқышсыз ұшу аппаратынан айырылды
АҚШ Сауд Арабиясындағы елшілік қызметкерлеріне елден кетуді бұйырды
АҚШ соққы берген кемеде 104 ирандық сарбаз қаза тапты
Израиль Иранмен кемінде бір айға созылатын соғысқа дайындалуда
Ресей бір аптада Украинаға жүздеген шабуыл жасады
Ослодағы АҚШ елшілігінде жарылыс болды