САЯСАТ
2 ... минут оқылды
АҚШ Иран әуе компанияларына қолдау көрсететін кәсіпорындарға санкция салатынын ескертті
АҚШ Қаржы министрі Скотт Бессент санкция салынған Иран әуе компанияларымен кез келген коммерциялық қызметті жүргізу АҚШ-тың қатаң санкцияларына ілігу қаупін тудыратынын мәлімдеді.
АҚШ Иран әуе компанияларына қолдау көрсететін кәсіпорындарға санкция салатынын ескертті
АҚШ Иран әуе компанияларына қолдау көрсететін кәсіпорындарға санкция салатынын ескертті / Reuters

АҚШ Қаржы министрі Скотт Бессент санкция астындағы Иран әуе компанияларымен жұмыс істейтін компаниялардың АҚШ санкцияларына тап болу қаупі бар екенін ескертті.

“X” желісіндегі жазбасында Бессент бұл ескертудің 28 ақпаннан бері жалғасып келе жатқан соғыс кезінде Иранға экономикалық қысым көрсету науқанының бір бөлігі екенін айтты. Ол: «Санкция салынған Иран әуе компанияларымен бизнес жүргізу АҚШ санкцияларына ұшырау қаупін тудырады», — деп атап өтті.

Бессент шет ел үкіметтерін өз юрисдикциясындағы компаниялардың бұл ұшақтарға қызмет көрсетпеуін қамтамасыз ету үшін «барлық қажетті қадамды» басуға шақырды. Бұл қызметтердің қатарына авиациялық отынмен қамтамасыз ету, борттағы тағамдар, қону жарналары немесе техникалық қызмет көрсету кіреді.

«Қаржы министрлігі Иранға барынша қысым көрсетеді және Иран ұйымдарымен жұмыс істейтін немесе оларға жеңілдік жасайтын үшінші тараптарға қарсы шара қолданудан тартынбайды», — деді Бессент.

Тегераннан ұшу рейстері қайта басталды

Бессенттің ескертуі АҚШ-Израиль және Тегеран арасындағы соғыс басталғаннан бері Иранның кейбір коммерциялық рейстерін қайта бастаған тұсында жасалды. Иран мемлекеттік телеарнасы сенбі күні көптеген ұшақтың Тегераннан ұшып шыққанын хабарлады. Иранның Азаматтық авиация ұйымы бұған дейін әуе кеңістігінің кейбір бөліктері қайта ашылғанын және әсіресе елдің шығыс бөлігіндегі халықаралық транзиттік бағыттардың ашық екенін мәлімдеген болатын.

АҚШ Қаржы министрлігі жақында мұнай саудасымен байланысты жаһандық активтерді нысанаға алуға бағытталған «Economic Fury» атты бағдарламасын бастады. Осы бастама аясында АҚШ Қытай банктеріне хат жолдап, егер олар Иран мұнайына қатысты транзакцияларға делдалдық етуді жалғастыра берсе, екінші деңгейлі санкция қолданылатынын айтып қоқан-лоққы жасады. Бессент АҚШ-тың Иранның ықпалын жою үшін «барынша қысым» саясатын жалғастыра беретінін қайталады.

Іздеу
Иран АҚШ-ты Исламабад  келісімін «ашық» бұзғаны үшін айыптады
АҚШ Иранға жаңа соққылар толқынын бастады
Сирия мен Франция он жылдан астам уақыттан кейін дипломатиялық байланыстарды қалпына келтіруге келісті
Президент Ердоған: "Біз саммиттен мықты нәтижемен шығамыз"
Трамп: "Біз Ердоғанмен F-35 ұшақтарын талқылаймыз"
Ердоған Анкарада Трампты қарсы алды
Әлемнің назары Анкарада
НАТО Анкара саммиті Қорғаныс өнеркәсібі форумымен басталды
Түрік баскетболшылар Әлем кубогы жолында 6 ойында 6 жеңіске жетті
Министр Фидан: "Түркия - Еуропа қауіпсіздігінің басты актерлерінің бірі"
Анкарада НАТО саммитіне арнап ірі халықаралық медиа орталық дайындалды
Макрон Асад құлағаннан кейін Сирияға барған алғашқы ЕО көшбасшысы болды
Ердоған Болгария премьер-министрі Радевті қабылдады
Фидан: "Ердоған мен Трамптың жақсы қарым-қатынасы НАТО ішіндегі шиеленісті бәсеңдетуі мүмкін"
Президент Ердоған НАТО саммитінде әлем көшбасшыларын қабылдайды