ТҮРКИЯ
1 ... минут оқылды
Вице-президент Джевдет Йылмаз Қырғызстанға барады
Түркия Республикасының Вице-президенті Джевдет Йылмаз ресми сапармен бүгін Қырғызстанға барады.
Вице-президент Джевдет Йылмаз Қырғызстанға барады
/ AA

Бағдарламаға сәйкес, алғашқы күні Йылмаз «Ата-Бейіт» Ұлттық тарих және ескерткіш кешеніндегі Үркүн ескерткішіне және қырғыз жазушысы Шыңғыс Айтматовтың қабіріне барады. Оны Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров қабылдайды. Сонымен қатар Йылмаз Қырғызстан-Түркия Манас университетінің (ҚТМУ) 30 жылдық мерейтойлық концертіне қатысып, Қырғызстан астанасы Бішкекте түрік іскер топтарының өкілдерімен кездеседі.

Сапардың екінші күні 18 қыркүйекте Йылмаз Бішкекте Қырғызстан Министрлер кабинеті төрағасы Адылбек Қасымалиевпен келіссөз жүргізеді. Ол сондай-ақ Түркия–Қырғызстан Бірлескен экономикалық комиссиясының (БЭК) 12-ші отырысына және БЭК хаттамасына қол қою рәсіміне қатысады.

Осы күні Йылмаз Түркия–Қырғызстан іскерлік форумына қатысып, ҚТМУ-ды аралайды, Түркі Мемлекеттері Ұйымына мүше мемлекеттердің Үкімет басшылары/Вице-президенттерінің кездесуі және Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровпен өтетін бірлескен жиынға қатысады.

Іздеу
«Bayraktar TB2» Албаниядағы орман өртін ауыздықтауға көмектесті
Грекияда 106 жерде Палестинаға Бостандық митингілері өтті
Сирия Ресеймен әскери базалар жөнінде келісімге қол жеткізді
Түркия, Сауд Арабиясы және Пәкістан Мекке қорғаныс келісіміне қол қойды
Қырғызстанда Еуразия Үкіметаралық Кеңесінің отырысы өтті
ЮНИСЕФ: «Газада атысты тоқтату жарияланғаннан бері 300 бала қаза тапты»
«Wildberries» ғимаратын өрт шарпыды
Таиландта бір оқушы 8 адамды өлтіріп, 23 адамды жаралады
Таиландта мектепте шабуыл жасалды
Шариф Сауд Арабиясына сапарын бастады
Израиль Диаспора министрі Чикли: “Макрон бізге сатқындық жасады”
Түркия, Сауд Арабиясы және Пәкістан үшжақты келісімге қол қоймақ
Президент Ердоған Сауд Арабиясына сапарлай барады
Украина Сыртқы істер министрі  бейбітшілік үшін көшбасшылардың кездесуі қажет екенін айтты
Тарихи Кадыкалеси ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра тізіміне үміткер нысан атанды