ТҮРКИЯ
1 ... минут оқылды
Түркия Сыртқы істер министрі Ирандағы жағдайға байланысты бірқатар келіссөз өткізді
Хакан Фидан Иран, Катар, Сауд Арабиясы, БАӘ, Франция, Испания және Иорданияны қоса алғанда бірқатар елдің сыртқы істер министрлерімен телефон арқылы сөйлесті.
Түркия Сыртқы істер министрі Ирандағы жағдайға байланысты бірқатар келіссөз өткізді
Түркия Сыртқы істер министрі Ирандағы жағдайға байланысты бірқатар келіссөз өткізді. / AA

Түркия Сыртқы істер министрі Хакан Фидан шиеленісті төмендету және шабуылдарды тоқтату мақсатында Иран, Катар, Сауд Арабиясы, БАӘ, Франция, Испания және Иорданияны қоса алғанда бірқатар елдің сыртқы істер министрлерімен телефон арқылы сөйлесті.

Фидан 28 ақпанда АҚШ пен Израильдің Иранға жасаған бірлескен шабуылдарынан кейін шиеленісті ы тоқтату мәселесін талқылау мақсатында Иран, Ирак, Сауд Арабиясы, Катар, Сирия, Мысыр және Индонезияның сыртқы істер министрлерімен сөйлесті.

Сонымен қатар ол Біріккен Араб Әмірліктері, Испания және Венгриядағы әріптестерімен де телефон арқылы пікір алмасты.

ҚатыстыTRT Қазақ - «Иран әділетсіз әрі заңсыз шабуылға ұшырады»

ЕО-ның сыртқы саясат жөніндегі жоғары өкілі Кая Калласпен сөйлескен министр қақтығысты тоқтатуға бағытталған дипломатиялық бастамаларды талқылады.

Фидан Иран Сыртқы істер министрі Аббас Аракчимен өткізген келіссөзден бөлек Оман Сыртқы істер министрі Сайид Бадр Хамад әл-Бусаидимен де жағдайды талқылады.

Дүйсенбі күні Сыртқы істер министрі Фидан Әзербайжан Сыртқы істер министрі Жейхун Байрамовпен өңірдегі қақтығысты тоқтату жолдарын саралады. Сондай-ақ министр Болгарияның Сыртқы істер министрі Надежда Нейнскимен өңірлік қақтығыстардың өзара ықпалы бойынша пікір алмасты.

Кейін Фидан Франция Сыртқы істер министрі Жан-Ноэль Барромен өңірдегі ахуалды жан-жақты қарастырды. Тараптар шиеленісті азайту және шабуылдарды тоқтату үшін жасалатын нақты қадамдарды да талқылады.

Фидан және иорданиялық әріптесі Айман Сафади шабуылдарды тоқтату, шиеленісті төмендету және тиісті тараптармен дипломатиялық күш-жігерді күшейту мәселелеріне басымдық берді.

ҚатыстыTRT Қазақ - Президент Ердоған Таяу Шығыстағы қақтығыстарды тоқтатуға шақырды
Іздеу
Әзербайжан президенті Әлиев Бакуде «құпия» кездесу өткенін мәлімдеді
Жапониядағы математика олимпиадасына Түркиядан қатысқан 11 оқушы 11 медаль жеңіп алды
«ASELSAN» Босния және Герцеговинаға дрондарға қарсы қорғаныс жүйелерін жеткізеді
Тәжікстанға жылдың алғашқы жартысында 889 мың 400 шетелдік турист келді
Пәкістан мен Үндістанда нөсер жаңбырдан қаза тапқандар саны артуда
Таиландта қауіпсіздік бекетіне шабуыл жасалды
Атлант мұхитына құлаған "Pan Am" ұшағының қалдықтары 74 жылдан кейін табылды
АҚШ Иранның әскери нысандарына шабуылдады
Тарихта алғаш рет адам тәріздес роботтар тірі жануарларға ота жасады
Кремль: «Украинамен қақтығысты тоқтату жөніндегі талаптарымыз өзгерген жоқ»
АҚШ-тың B-1 бомбалаушы ұшақтарын қайта қолдана бастағаны хабарлануда
Иранның Хузестан провинциясында зымыран шабуылынан екі адам қаза тапты
Түркияның волейболдан әйелдер және ерлер құрамалары «VNL» финалына шықты
НАТО-ның «Front Door» бастамасы Түркиямен қорғаныс ынтымақтастығын күшейтеді
Түркияның «AKYA» торпедасы сынақтан сәтті өтті