ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
2 ... минут оқылды
Түркия мен БҰҰ Дамаскідегі шіркеу шабуылын айыптады
Мар Элиас шіркеуіндегі жанкешті шабуылдан кемінде 22 адам қаза тапты.
Түркия мен БҰҰ Дамаскідегі шіркеу шабуылын айыптады
/ TRT World and Agencies

Түркия Сыртқы істер министрлігі мен БҰҰ-ның Сирия бойынша арнайы өкілі Сирияның астанасы Дамасктегі шіркеуде болған жанкешті шабуылды қатаң айыптап, терроризммен күресте ұлттық бірлікке шақырды.

Гейр Педерсен жексенбі күнгі мәлімдемесінде Дамасктің Дуилея ауданындағы Мар Элиас шіркеуіндегі ғибадат кезінде бейбіт тұрғындардың қаза болуы мен жарақат алуына әкелген шабуылды «террорлық шабуыл» деп сипаттады.

«Ғибадат кезінде бейбіт тұрғындардың өмірін қиып, жаралаған бұл лаңкестік шабуылды қатаң түрде айыптаймын. Оқиға билік тарапынан толық тергелуі керек», - деді Педерсен.

Түркия

Түркия да шабуылды айыптады. Сирия Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне қарағанда шабуылда кемінде 20 адам қаза тауып, 52 адам жараланған.

Министрлік ДАИШ лаңкестік ұйымына қатысы бар бір жанкештінің шіркеу ішінде оқ жаудырып, кейін өзін жарып жібергенін хабарлады.

Түркия Сыртқы істер министрлігі шабуылдың Сириядағы тұрақсыздық пен қоғамдық келісімді бұзуды мақсат еткенін мәлімдеді.

Мәлімдемеде «Бұл шабуыл Сирияда тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған күш-жігерді әлсіретіп, қоғамдық татулық пен үйлесімділікті бұзуды көздейді», - делінген.

Анкара Сирияның егемендігі мен бірлігін қолдайтынын қайталап, «барлық қажетті қолдауды» көрсететінін және Сирия халқының төзімділігіне сенімді екенін білдірді.

Бұл бомбалы шабуыл Сирия Ішкі істер министрлігі 26 мамырда Шам маңында ДАИШ террористік ұйымы паналаған жерлердің анықталғанын хабарлағаннан кейін бірнеше апта өткен соң болды.

Қауіпсіздік күштері операция барысында жеңіл және орташа калибрлі қарулардың тәркіленгенін хабарлады.

Бұрынғы режим күйрегеннен бері Сирия Қауіпсіздік күштері қылмыс, адам құқықтарын бұзу және лаңкестікпен байланысты әрекеттермен айыпталған тұлғаларға қарсы операцияларын жалғастыруда.

Іздеу
Ормуз бұғазында апатқа ұшыраған екі танкер өртенді
Конгода Эбола індетін жұқтырғандар саны 11 мыңнан асты
ЕО Даму банкі Түркияның таза энергияға көшуіне 6 миллиард доллар инвестиция салады
Түркияның баскетболдан әйелдер құрамасы Черногорияны 79:62 есебімен жеңді
Президент Ердоған COP31 саммиті аясында екіжақты кездесулерін жалғастыруда
БАӘ-де Украинадағы соғысты тоқтату жөніндегі үшжақты келіссөздер жалғасуда
Израиль Батыс Шерияда 165 мың шаршы метр Палестина жерін тәркілеуге бұйрық берді
Еуроодақ 2027 жылға арналған бюджет көлемін келісті
COP31 басталды: Көшбасшылар белсенді болуға шақыруда
Президент Ердоған БҰҰ Бас хатшысы Гутерришті қабылдады
Оңтүстік Корея мен Украина сыртқы істер министрлері Парижде кездесті
Иранның ықтимал шабуылдары АҚШ шенеуніктерін алаңдатып отыр
Түркия мен Сауд Арабиясы электр энергетикасы саласында  ынтымақтастық меморандумына қол қойды
БҰҰ Бас хатшысы Гутерриш Түркияға COP31 үшін жоғары баға берді
Президент Ердоған: «Түркия қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайтып келеді»