ТҮРКИЯ
1 ... минут оқылды
Түркия: «Израиль Газа бітімін бұзуды дереу тоқтатуы керек»
Түркия Сирия халқының барлық топтарының бейбіт өмірі, әл-ауқаты мен қауіпсіздігі үшін қолдауды жалғастыратынын мәлімдеді.
Түркия: «Израиль Газа бітімін бұзуды дереу тоқтатуы керек»
Түркия: «Израиль Газа бітімін бұзуды дереу тоқтатуы керек» / AA

Түркияның Ұлттық қауіпсіздік кеңесі сәрсенбі күні жариялаған мәлімдемесінде Израильдің Газадағы атысты тоқтату режимін бұзатын шабуылдарын дереу тоқтатуы және өз міндеттемелерін орындауы қажет екенін айтты. Мәлімдемеде сондай-ақ Түркияның Газада бейбітшілік орнатуға және қаланы қалпына келтіруге жауапкершілік алуға дайын екені атап өтілді.

Анкарадағы Президенттік кешенде өткен отырысқа Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған төрағалық етті.

10 қазанда күшіне енген атысты тоқтату келісімі бойынша Газаға тәулігіне 600 гуманитарлық жүк көлігі кіруі тиіс еді. Алайда Израиль күніне 200 көлікке ғана рұқсат беріп отыр.

Израиль келісім талаптарын орындамады және 10 қазаннан бері күн сайын жасаған шабуылы нәтижесінде кемінде 342 палестиналықтың қаза болуына себеп болды.
Израиль 2023 жылдың қазан айынан бері Газада 70 000-нан астам адамды өлтіріп, 170 700-ден астамын жаралады. Олардың көпшілігі ˗ әйелдер мен балалар.

Ұлттық қауіпсіздік кеңесі Анкараның Сирия халқының барлық топтарының бейбіт өмірі, әл-ауқаты және қауіпсіздігі үшін қолдау көрсетуін жалғастыратынын мәлімдеді.

Жиында Ресей-Украина соғысындағы соңғы жағдай да талқыланды. Кеңес әділ әрі тұрақты бейбітшілік орнату үшін Түркияның жаһандық әріптестерімен бірлесе атқарып жатқан күш-жігерін жалғастыру жөніндегі міндеттемесін растады.

Іздеу
Әзербайжан президенті Әлиев Бакуде «құпия» кездесу өткенін мәлімдеді
Жапониядағы математика олимпиадасына Түркиядан қатысқан 11 оқушы 11 медаль жеңіп алды
«ASELSAN» Босния және Герцеговинаға дрондарға қарсы қорғаныс жүйелерін жеткізеді
Тәжікстанға жылдың алғашқы жартысында 889 мың 400 шетелдік турист келді
Пәкістан мен Үндістанда нөсер жаңбырдан қаза тапқандар саны артуда
Таиландта қауіпсіздік бекетіне шабуыл жасалды
Атлант мұхитына құлаған "Pan Am" ұшағының қалдықтары 74 жылдан кейін табылды
АҚШ Иранның әскери нысандарына шабуылдады
Тарихта алғаш рет адам тәріздес роботтар тірі жануарларға ота жасады
Кремль: «Украинамен қақтығысты тоқтату жөніндегі талаптарымыз өзгерген жоқ»
АҚШ-тың B-1 бомбалаушы ұшақтарын қайта қолдана бастағаны хабарлануда
Иранның Хузестан провинциясында зымыран шабуылынан екі адам қаза тапты
Түркияның волейболдан әйелдер және ерлер құрамалары «VNL» финалына шықты
НАТО-ның «Front Door» бастамасы Түркиямен қорғаныс ынтымақтастығын күшейтеді
Түркияның «AKYA» торпедасы сынақтан сәтті өтті