ТҮРКИЯ
1 ... минут оқылды
Түркияның электромобиль өндірушісі "TOGG" Германияда жаңа моделін таныстырды
"TOGG" басшысы Фуат Тосиялы компанияның Түркиядағы жетістігінен кейін Еуропаға кеңеюі маңызды кезең екенін айтты.
Түркияның электромобиль өндірушісі "TOGG" Германияда жаңа моделін таныстырды
/ AA
 

Түркияның электрмен жүретін көлік өндірушісі "TOGG" жаңа седанды таныстырып, Еуропада, соның ішінде Германияда, сатылымды бастайтынын мәлімдеді. Бұл қадам компанияның Еуропаның ең ірі және бәсекеге қабілетті автокөлік нарығына шығу арқылы жаңа табыс көздерін іздеуге бағытталған.

"TOGG" дүйсенбі күні өзінің T10X электрлік жол талғамайтын көлігінің Еуропадағы сатылымын бастады және T10F атты бес есікті электрлі седанын таныстырды. Екі көлікке де тапсырыс Германияда қыркүйек айының соңында басталады.

"TOGG"компаниясының басшысы Фуат Тосиялы компанияның Түркиядағы жетістігінен кейін Еуропаға кеңеюін маңызды кезең деп атады.

"TOGG"-тың өндіріс жолындағы сапары туралы айта отырып, Тосиялы былай деді: "Тарихта алғаш рет барлық зияткерлік меншік құқығы Түркияға тиесілі көлік шығару біздің елдің өнеркәсіп тарихында үлкен сынақ болды, бірақ біз оны жүзеге асырдық.

Біз ешқашан берілмедік. Қиындықтарға тап болғанда да, әрдайым шешім табуға назар аударып, бар күшімізді салдық."

Екі модельдің де бағасы туралы мәлімет жарияланған жоқ.

"TOGG" өткен жылы Түркияда өзінің T10X электрлік жол талғамайтын көлігінің шамамен 30,000 данасын сатты. Биылғы жылдың тамыз айына дейінгі сатылымы 42 пайызға өсіп, шамамен 21,000 бірлікті құрады.

Басқа да бірнеше электрлі көлік стартапы, соның ішінде “Fisker”, “Lordstown” және “Arrival” сәтсіздікке ұшырағанымен, инвесторлар әлі де кейбір шығынға ұшыраған жобаларды қаржыландыруды жалғастыруда.

Іздеу
Президент Ердоған: «Израиль Газаны әлемдегі ең үлкен концлагерьге айналдырып жатыр»
Аккую АЭС-інің бірінші блогын іске қосуға бір қадам қалды
Түркия Анталия–Газа климаттық дәлізін құруды ұсынды
«Түркия – Еуропа қауіпсіздігіндегі маңызды ойыншы және НАТО-ның таптырмас одақтасы»
Түркия климат мектебінде табиғи апат қаупін азайту жолдары талқыланды
Министр Фидан: «Түркияның жетекші рөлі халықаралық деңгейде мойындалуда»
COP31 төрағасы: “Әр елдің даму жолы әртүрлі, бірақ болашағымыз ортақ”
«Түркия Палестинаны қолдауды жалғасырады»
Президент Ердоған: «Палестина күресін барлық мінберде қорғаймыз»
Президент Ердоған COP31 аясында қарқынды дипломатиялық кездесулер өткізуде
«Көшбасшылардың COP31 саммитінде танытқан табандылығы Париж климаттық келісімі үшін үміт ұялатады»
Түрік Қызыл Жарты Ай қоғамы Босния және Герцеговинадағы мұқтаж жандарға 9,5 тонна көмек жеткізді
Малатияда апатқа ұшыраған тікұшақтағы 4 әскери қызметкер шейіт болды
Түркия мен Қытай арасында жаңартылатын энергия саласында инвестициялық келісімге қол қойылды
Президент Ердоған Иран президенті Пезешкианмен кездесті
Түркияның танымал тұлғалары COP31-де климат дағдарысына қарсы әрекет етуге шақырды
ЕО Даму банкі Түркияның таза энергияға көшуіне 6 миллиард доллар инвестиция салады
Президент Ердоған COP31 саммиті аясында екіжақты кездесулерін жалғастыруда
Президент Ердоған: "Өркениетіміздің өзегінде табиғатқа деген құрмет жатыр"
COP31 басталды: Көшбасшылар белсенді болуға шақыруда