САЯСАТ
1 ... минут оқылды
Трамп әкімшілігі Иранмен ықтимал бейбіт келіссөздердің негізін қарастыруда
“Axios” мәліметінше, АҚШ әкімшілігі соғысты тоқтатуға бағытталған ықтимал келіссөздерге алдын ала дайындықты бастаған, алайда қақтығыстар тағы бірнеше аптаға созылуы мүмкін деп болжануда.
Трамп әкімшілігі Иранмен ықтимал бейбіт келіссөздердің негізін қарастыруда
Трамп өтемақы талабын «қабылдауға болмайтын» талап деп атады. / AP
 

Үш аптадан бері жалғасып келе жатқан соғыстан кейін Трамп әкімшілігі Иранмен бейбіт келіссөздерді айқындауға қатысты алдын ала талқылауларды бастады. “Axios” бұл ақпаратты АҚШ шенеуніктері мен жақын дереккөздерге сүйеніп жариялады.

АҚШ шенеуніктері болса қақтығыстар тағы екі-үш аптаға жалғасуы мүмкін деп болжайды. Осы аралықта кеңесшілер ықтимал дипломатиялық үдеріске негіз қалауда.

Дереккөздердің хабарлауынша, Трамптың арнайы өкілі Стив Уиткофф пен Джаред Кушнер бастапқы кезеңдегі талқылауларға қатысқан.

Тараптардың шарттары айқындала түсуде

Мысыр мен Катар АҚШ пен Израильге Иранның келіссөздерге ниетті екенін, алайда қатаң шарт қойғанын хабарлаған.

Иран шарттарының қатарында атысты тоқтату, қақтығыстардың қайта басталмайтынына кепілдік беру және өтемақы төлеу талаптары бар.

Трамп өтемақы талабын «қабылдауға болмайтын» талап деп атады.

Сыртқы істер министрі Аббас Аракчи бұған дейінгі келіссөздерде негізгі делдал қызметін атқарған болатын. Алайда АҚШ-тың кейбір шенеуніктері оның түпкілікті келісімді бекітуге жеткілікті өкілеті жоқ деп есептейді.

ҚатыстыTRT Қазақ - Трамп Иранға қарсы әскери операцияларды азайту мүмкін екенін білдірді
Іздеу
Данияда мектепте ұялы телефон пайдалануға тыйым салынады
Президент Ердоған Министрлер кабинетінің отырысынан кейін халыққа үндеу жасады
Грекия Израильмен 1 миллиард еуролық жаңа қару-жарақ келісімін жасауға дайындалуда
Израиль армиясында өз-өзіне қол жұмсау  артты
“Ресейге қауіп төнсе, ядролық қару қолданылуы мүмкін”
Германияда шамамен 450 мектепке бомба қойылғаны туралы хат жіберілді
Террорлық ұйым Ирактың солтүстігіндегі Хакуркта тағы 14 мекенінен шықты
Украина Ливия жағалауында Ресейдің екі кемесіне шабуыл жасалғанын мәлімдеді
Индонезиядағы өрт: 24 адам қайтыс болды, ондаған адам хабар-ошарсыз кетті
АҚШ-та цифрлық жүйелердің жұмысында ақаулар көбеюі мүмкін
«2025 жылы Газада қайтыс болғандар саны 2022 жылмен салыстырғанда төрт еседен астам артты»
Берлинде аурухана өртеніп, науқастар эвакуацияланды
Министр Курум: «Ортақ үйіміз Жер шарының болашағы үшін шешім іздеуді тоқтатпаймыз»
Украинада тағы 14 адам қаза тапты
Трамп Иранға бағытталған шабуылдардың жаңа жылдан кейін қайта басталуы мүмкін екенін ескертті