САЯСАТ
1 ... минут оқылды
АҚШ президенті мен НАТО Бас хатшысы кездесті
Трамп Флорида штатындағы Мар-а-Лаго резиденциясында Рюттемен кездесті.
АҚШ президенті мен НАТО Бас хатшысы кездесті
(МҰРАҒАТ) Президент Трамп пен НАТО Бас хатшысы Рютте Ресей-Украина соғысы мен Иран мәселесін талқылады. / Reuters
 

АҚШ президенті Дональд Трамп пен НАТО Бас хатшысы Марк Рютте кездесіп, Ресей мен Украина арасындағы соғыс, Ирандағы қақтығыстар және Альянс аясындағы қорғаныс шығындарының артуын талқылады.

Трамп Флорида штатындағы Мар-а-Лаго резиденциясында Рюттемен кездесті.

Баспасөз өкілдерінің қатысуынсыз өткен кездесуден кейін екі тарап бірлескен мәлімдеме жариялады.

Мәлімдемеде «Кездесу өте әсерлі өтті. Күн тәртібіндегі негізгі мәселелер қатарында Ресей мен Украина арасындағы соғыс және Ирандағы қақтығыс болды. Сонымен қатар Гаага мен Анкарадағы саммиттерде бірлесіп қол жеткізген барлық маңызды жетістіктеріміз де талқыланды» делінген.

Ресейге соғыстың таралуына әкелуі мүмкін кез келген қасақана немесе абайсызда жасалатын әрекеттен аулақ болуға шақырған мәлімдемеде кездесу барысында бұл соғыстың бейбіт шешімін мүмкіндігінше тезірек табудың маңыздылығы атап өтілгені хабарланды.

Сондай-ақ мәлімдемеде кездесу барысында АҚШ-та да, НАТО аясында да қорғаныс шығындары мен өнеркәсіптік инфрақұрылымға салынатын инвестицияларды арттыруды жалғастырудың маңыздылығы сөз болғаны атап өтілді.

Іздеу
Мұнай бағасы төмендеді
Қытай «Шэньчжоу-24» ғарыш кемесін ұшырды
Президент Ердоған «Халықаралық Кавказ конгресіне» үндеу жолдады
Түркияның алғашқы қалқымалы күн электр станциясы 2027 жылы электр энергиясын өндіре бастайды
Жасанды интеллектінің ең озық модельдері көпшілікке ұсынылмауы мүмкін
«Галатасарай» «Астон Вилланы» 1:0 есебімен жеңді
НАТО Түркияға көңіл айтты
Газада менингит ауруы көбейді
БҰҰ: «Әйелдердің жақындары тарапынан өлтірілу көрсеткіші әлі де жоғары»
Түркия Қаратеңіздегі кеме қатынасының қауіпсіздігі үшін жаңа тетік әзірлеуде
Израильдің Газа секторына жасаған шабуылдарынан екі палестиналық қаза тапты
ASELSAN компаниясының GÖKDENİZ жүйесі Қаратеңіздегі сынақта әуе нысандарын жойды
Германиядағы Мёльн трагедиясында қаза тапқан 3 түрік азаматы еске алынды
Данияда мектепте ұялы телефон пайдалануға тыйым салынады
Президент Ердоған Министрлер кабинетінің отырысынан кейін халыққа үндеу жасады