САЯСАТ
1 ... минут оқылды
Польша азаматтарын Ираннан кетуге шақырды
Польша премьер-министрі «Мен ешкімді алаңдатқым келмейді, бірақ бәріміз не айтқым келгенін жақсы түсініп отырмыз. Қақтығыс ықтималы өте жоғары», — деп мәлімдеді.
Польша азаматтарын Ираннан  кетуге шақырды
Польша азаматтарын Ираннан кетуге шақырды / Reuters

Польша премьер-министрі Дональд Туск өз азаматтарын Ираннан дереу кетуге шақырды, ол жақын арада әскери шиеленіс туындау қаупі бар екенін алға тартып, бұл елге барудан мүлдем бас тартуды ескертті.

Туск бейсенбі күні Варшава маңындағы Зелонка қаласында журналистерге берген сұхбатында «Өтінемін, Ираннан дереу кетіңіздер және қандай жағдай болмасын бұл елге сапар шекпеңіздер. Ешкімді қорқытқым келмейді, бірақ не айтқым келгенін бәріміз білеміз. Қақтығыс ықтималы өте жоғары», — деді.

Эвакуация үшін «мүмкіндік терезесі тез жабылуы мүмкін» екенін ескерткен премьер-министр «Бірнеше сағаттан, он екі сағаттан немесе бірнеше күннен кейін эвакуация мүмкін болмай қалуы ықтимал», — деп, поляктарды бұл ескертуге байыппен қарауға шақырды.

Польша үкіметі қазіргі уақытта Иранда қанша поляк азаматы бар екені туралы нақты мәлімет берген жоқ, бұл мәселе бойынша Сыртқы істер министрлігінен қосымша мәлімдеме күтілуде.

Туск бұған дейінгі эвакуация туралы ескертулердің еленбеуі ауыр зардаптарға әкеп соққанын атап өтіп, «Бізде жағымсыз тәжірибелер бар. Кейбір адамдар мұндай шақыруларға немқұрайлы қарайды», — деді.

Дереккөздер мен БАҚ мәліметтеріне сәйкес, Тегеранның ядролық бағдарламасына қатысты келіссөздер жалғасып жатқанына қарамастан, Вашингтон мен Тель-Авив Тегеранмен жаңа әскери қақтығысқа жақын тұр.

Израиль мен Иран маусым айында 12 күнге созылған соғысты бастан өткеріп, АҚШ Иранның үш ядролық нысанын бомбалаған болатын.

Іздеу
Ресейдің Краснодар өлкесіне жасалған дрон шабуылынан кейін мұнай өңдеу зауытында өрт шықты
Сирия санкциялардан кейін қайта қалпына келтіру жолына түсті
АҚШ Қорғаныс министрі: «Қажет болса, Иранға қарсы күш қолданамыз»
ЕО мен Ұлыбритания Украинаға қолдауын күшейтуде
ЕО Украинаға 6,1 млрд еуро көлемінде әскери қолдау көрсетеді
Оман Сыртқы істер министрі Бусаиди ертең Тегеранға барады
Сирия мен Израиль өкілдері кездесті
Президент Зеленский соғыс кезінде сайлау өткізудің қауіпті екенін ескертті
БҰҰ баяндамашысы Израиль әскерлерін «ең арсыз армия» деп атады
Индонезия мен Қытай сыртқы істер министрлері кездесті
Иран: «Дұшпанның қоқан-лоқыларына қатаң жауап қайтарамыз»
БҰҰ Бас хатшысы Ресейдің Украинаға жасаған әуе шабуылдарын қатаң айыптады
Ресей Иранды келіссөзді қайта бастауға мәжбүрлемейтінін айтып, АҚШ-ты Тегеранға қарсы соғыста агрессор деп атады
Сирия мен Пәкістан өңірлік мәселелер бойынша пікір алмасты
Швейцария Ресейге қарсы санкциялардың 20-пакетін мақұлдады
Сирия сыртқы істер министрі Пәкістанға барды
Вьетнам алты қылмыс түрі үшін өлім жазасын алып тастауды жоспарлауда
Иран Ислам революциясы сақшылары корпусы: «Жаңа соғыс басталса, одан да жойқын қару қолданамыз»
Барак Нетаньяхуды Түркиямен шиеленісті негізсіз ушықтырды деп сынады
Ресей мен Украина 103 әскери тұтқын айырбастады