Израиль полициясы Латын патриархын тоқтатты

Израиль тек мұсылмандардың ғана емес, христиандардың да діни сенім бостандығына кедергі келтіріп отыр.

By
Израиль тек мұсылмандардың ғана емес, христиандардың да діни сенім бостандығына кедергі келтіріп отыр. / AA

Иерусалимде ғибадат ету бостандығына қойылатын шектеулер күшейіп барады. Мұсылмандардың Ораза айт намазын оқуына кедергі келтірілгеннен кейін енді католиктердің ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан тарихи діни рәсімді атқаруына да мүмкіндік берілмеді.

“Axios” басылымының жаһандық қатынастар жөніндегі тілшісі, “CNN” талдаушысы, Израильдің “Channel 12” арнасының Вашингтондағы тілшісі және “Trump’s Peace” кітабының авторы Барак Равид “X” әлеуметтік желісіндегі жазбасында жағдайды былай жеткізді: «Жексенбі күні Израиль полициясы католиктердің Қасиетті апта іс-шараларының ашылуы саналатын Пальма жексенбісі рәсімін басқару үшін Иерусалимдегі Қасиетті Қабір шіркеуіне кірмек болған Латын патриархы кардинал Пьербаттиста Пиццабалланы тоқтатты».

Ораза айт кезіндегі шектеулер

20–22 наурыз күндері Ораза айт кезінде де Израиль полициясы мұсылмандардың Шығыс Иерусалимдегі Әл-Ақса мешітіне кіруіне кедергі келтіріп, айт намазын оқуға рұқсат бермеген еді.