ТҮРКИЯ
1 ... минут оқылды
Ұлттық барлау ұйымы кибершпиондық желіге қарсы операция жүргізді
Оқиғаға қатысты 2 адам ұсталып, қамауға алынды.
Ұлттық барлау ұйымы кибершпиондық желіге қарсы операция жүргізді
Ұлттық барлау ұйымы кибершпиондық желіге қарсы операция жүргізді / AA
 

Ұлттық барлау ұйымы қорғаныс өнеркәсібі мен аса маңызды мемлекеттік мекемелердің сымсыз интернет желілерін нысанаға алған, шетелдік барлау қызметінің мүддесіне жұмыс істеген кибершпиондық желіге қарсы операция барысында екі күдіктіні қолға түсірді.

Ұлттық барлау ұйымы екі адамның маңызды мекемелердің интернет желілеріне ену мақсатында әрекет етіп жүргені туралы барлау ақпараты түскеннен кейін іске кірісіп, екі күдіктіні жіті бақылауға алды.

Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде күдіктілердің арнайы техникалық қосымшалар мен құрылғыларды пайдалана отырып, Анкара мен Стамбулда өздеріне берілген бағыттар бойынша жүріп, Wi-Fi желілерінің картасын жасағаны анықталды.

Анықталған деректер негізінде Ұлттық барлау ұйымы үйлестіруімен Стамбул полиция департаментімен бірлесіп жүргізілген операция нәтижесінде екі адам ұсталып, қамауға алынды.

Маңызды мекемелер нысанада болған

Ұсталған тұлғалар Анкарадағы аса маңызды мемлекеттік мекемелердің, қорғаныс өнеркәсібі кәсіпорындарының, саяси партиялардың бас кеңселерінің, әскери қалашықтар мен шетелдік дипломатиялық өкілдіктердің маңайында жүргендерін мойындады. Олар тапсырмалардың өздеріне әлеуметтік желілердегі жұмыс іздеу хабарландырулары арқылы берілгенін, ал тыңшылық әрекеттері үшін ақыны криптовалюта қосымшалары арқылы алғандарын да айтты.

Ұлттық барлау ұйымы жүргізген тергеу барысында күдіктілердің шетелдік барлау қызметінің тапсырмасымен әрекет еткені белгілі болды.

Іздеу
Қытай «Шэньчжоу-24» ғарыш кемесін ұшырды
Президент Ердоған «Халықаралық Кавказ конгресіне» үндеу жолдады
Түркияның алғашқы қалқымалы күн электр станциясы 2027 жылы электр энергиясын өндіре бастайды
Жасанды интеллектінің ең озық модельдері көпшілікке ұсынылмауы мүмкін
«Галатасарай» «Астон Вилланы» 1:0 есебімен жеңді
НАТО Түркияға көңіл айтты
Газада менингит ауруы көбейді
БҰҰ: «Әйелдердің жақындары тарапынан өлтірілу көрсеткіші әлі де жоғары»
Түркия Қаратеңіздегі кеме қатынасының қауіпсіздігі үшін жаңа тетік әзірлеуде
Израильдің Газа секторына жасаған шабуылдарынан екі палестиналық қаза тапты
ASELSAN компаниясының GÖKDENİZ жүйесі Қаратеңіздегі сынақта әуе нысандарын жойды
Германиядағы Мёльн трагедиясында қаза тапқан 3 түрік азаматы еске алынды
Данияда мектепте ұялы телефон пайдалануға тыйым салынады
Президент Ердоған Министрлер кабинетінің отырысынан кейін халыққа үндеу жасады
Грекия Израильмен 1 миллиард еуролық жаңа қару-жарақ келісімін жасауға дайындалуда