Президент Ердоған мен Әл Сани телефон арқылы сөйлесті

Түркия Республикасының президенті Режеп Тайып Ердоған мен Катар Әмірі шейх Темим бин Хамад Әл Сани телефон арқылы сөйлесті.

By
Президент Ердоған мен Әл Сани телефон арқылы сөйлесті / AA

Түркия Президент аппараты жанындағы Коммуникация басқармасының мәліметіне сәйкес, Ердоған мен шейх Темим бин Хамад Әл Сани телефон арқылы сөйлесіп, тікұшақ апатына байланысты бір-біріне көңіл айтты.

Мәлімдемеге сәйкес екі көшбасшының өңірдегі соңғы жағдайларды талқылағаны айтылды.

Түркия Ұлттық қорғаныс министрлігінің мәліметінше, апат жұма күні кешке Катар Қарулы күштеріне тиесілі тікұшақтың техникалық ақау салдарынан оқу-жаттығу барысында теңізге құлауы нәтижесінде болған.

Оқиға салдарынан Катар Қарулы күштерінің төрт әскери қызметкері, Түркия Қарулы күштерінің бір өкілі және «ASELSAN» қорғаныс компаниясының екі технигі шейіт болды. Жалпы жеті адам көз жұмды.

Сондай-ақ телефон әңгімесі барысында шейх Темимнің Ердоғанға өңірдегі соғысты тоқтату бағытындағы күш-жігері үшін алғыс білдіргені айтылды.

Бұдан бөлек екі елдің тиісті құрылымдарының үздіксіз байланыста болатыны атап өтілді.