САЯСАТ
2 ... минут оқылды
Израиль заңсыз үй салу жоспарын мақұлдады
Қаржы министрі Бецалель Смотрич сыншылар халықаралық құқықты бұзып, Палестина мемлекетінің құрылуына кедергі келтіруді көздейді деп бағалаған 3 600 тұрғын үйден тұратын қоныстандыру жоспарын қолдады.
Израиль заңсыз үй салу жоспарын мақұлдады
Израиль заңсыз үй салу жоспарын мақұлдады / AA

Бейсенбі күні бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған ақпаратқа сәйкес, Израиль Қаржы министрі Бецалель Смотрич басып алынған Шығыс Иерусалимде заңсыз қоныстанған еврейлер  үшін 3 600 тұрғын үй салу жоспарын мақұлдады.

«Channel 7» телеарнасының мәліметінше, «Мишмар Йехуда» деп аталатын тұрғын үй қалашығы қаланың шығыс бөлігінде шамамен 835 гектар алаңға салынбақ.

Смотрич «X» әлеуметтік желісіндегі жазбасында бұл қоныстың Иерусалимді шығыстан қорғауға арналған стратегиялық аймақ ретінде қызмет ететінін және өңірдегі бақылауды күшейту саясатының бір бөлігі екенін айтты.

Халықаралық құқықты бұзғанына қарамастан Смотрич он мыңдаған тұрғын үй салынатынын және Иерусалимнің шығыс аймағын күшейтетінін алға тартты.

Оның айтуынша, бұл «тарихи» жоспар Израиль егемендігін арттыруға және басып алынған Батыс Шерияда Палестина мемлекетінің құрылуына жол бермеуге ықпал етеді.

Айта кетейік, Израиль үкіметі 12 желтоқсанда Батыс Шерияда 19 заңсыз қоныстың құрылысын мақұлдап, басып алуды  одан әрі күшейткен.

Израильдің «Peace Now» құқық қорғау ұйымының дерегінше, қазіргі уақытта Батыс Шерияда шамамен 500 мың, ал басып алынған Шығыс Иерусалимде 250 мыңға жуық израильдік заңсыз тұрып жатыр.

Батыс Шерияны кеңейтіп, оны ресми түрде аннексиялау ˗ Біріккен Ұлттар Ұйымы қарарындағы Израиль мен Палестинадан тұратын екі мемлекетке негізделген шешімнің жүзеге асуына кедергі. Израиль 1948 жылы Палестинада құрылып, кейін Палестинаның басқа аумақтарын басып алды. Содан бері Израиль кері шегінуден бас тартып, астанасы Шығыс Иерусалим болатын тәуелсіз Палестина мемлекетінің құрылуына кедергі болып келеді.

Іздеу
Таза энергия инвестициялары Түркияның экологиялық әлеуетін күшейтуде
Зеленский: «Ресей кем дегенде 707 украин баланы өлтірді»
Министр Фидан Оңтүстік Кореяда
Түркия мен Сирия экономикалық әріптестікті нығайтуға ниетті
Түркия Қорғаныс министрлігі: "Грекия мен Оңтүстік Кипрдің қарулану әрекеттері жіті бақылануда"
Марс орбитасындағы “MAVEN” ғарыш аппаратының миссиясы аяқталды
Жаһандық ислам экономикасы саммиті басталды
Стамбулда «Нөлдік қалдық» фестивалі басталды
Иран соғысы Жапонияда пластикалық пакет дағдарысын бастады
Әлем чемпионатында су бөтелкелеріне рұқсат берілмейді
Президент Трамп: “Иранмен бейбіт келісім демалыс күндері жасалуы мүмкін”
Гуманоид роботтар нарығында инвестициялық бәсеке қызып жатыр
Ливан мен Израиль жаңа бітім келісіміне қол қойды
«Трамп Түркияда өтетін НАТО саммитіне қатысады»
Чилидегі студенттер шеруі қақтығысқа ұласты