ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯ
2 ... минут оқылды
Түркия «Артемида» бағдарламасы аясында Ай базасын салуға көмектесе алады
"NASA" басшысының орынбасары Мэтт Андерсон Түркияның «Артемида келісімдеріне» қосылуы елдің Ай базасын құру жұмыстарына қатысуына мүмкіндік беретінін мәлімдеді.
Түркия «Артемида» бағдарламасы аясында Ай базасын салуға көмектесе алады
77-ші Халықаралық ғарыш конгресі.
 

АҚШ Ұлттық аэронавтика және ғарыш басқармасы (NASA) басшысының орынбасары Мэтт Андерсон Түркияның «Артемида келісімдеріне» қол қойғанына назар аударып, «Қазіргі уақытта “Артемида келісімдеріне” 76 ел қосылған. Осылайша Түркия келісімнің басқа мүшелерімен бірге бізбен бірге аттанып, Айдағы базамызды салуға көмектесе алады. Бұл Түркияның инженерлері мен ғалымдарына, тіпті бәлкім астронавтарына, сондай-ақ “Артемида келісімдерінің” барлық мүшесіне Ай базасын құруға үлес қоса алатын технологияларды дамытуға мүмкіндік береді. Ғарыш Түркия үшін ұлттық басымдық саналады және “Артемида келісімдеріне” қол қойылуы оның президент Режеп Тайып Ердоғанның басшылығымен ел үшін ұлттық басымдыққа айналғанын айқын көрсетеді. Сондықтан біз бұл серіктестікті асыға күтіп отырмыз және оның алдағы уақытта қалай дамитынын көретін боламыз», - деді.

Анталияда өткен 77-ші Халықаралық астронавтика конгресінде (IAC) “AA” тілшісіне Андерсон өткен айда АҚШ-тың ғарышқа қару орналастырғаны туралы мәлімдемеге қатысты Американың қазіргі уақытта ғарыш саласының үш бағыты бойынша да көш бастап тұрғанын айтты.

Қытайдың Айға АҚШ-тан бұрын аяқ басу ықтималдығына тоқталған Андерсон 1960 және 1970 жылдары ғарыш жарысында АҚШ жеңіске жеткенін еске салды.

Андерсон: «Қазір мен азаматтық ғарыш жарысы деп атайтын “Ғарыш жарысы 2.0” біз қалағаннан да тартысты өтіп жатыр. Дегенмен біз бәсекеге қабілетті боламыз және жақын арада жариялайтын қызықты жаңалықтарымыз бар. Біз үшін бұл жарыс ғылыми зерттеулерге бағытталған. Бұл 1960 жылдардағы “Аполлон” дәуіріндегі мақсаттарымыздан айтарлықтай ерекшеленеді. “Артемида” дәуірінде біз Ай бетінде ұзақ уақыт қалуды, онда тұрақты қатысуымызды қамтамасыз етуді, Айда база құруды және оның беті туралы көбірек мәлімет алуды көздейміз. Ал түптеп келгенде, біз “Үшінші ғарыш жарысы” деп атайтын кезең — Марсқа және одан әрі сапар шегу», -деді.

Іздеу
Данияда мектепте ұялы телефон пайдалануға тыйым салынады
Президент Ердоған Министрлер кабинетінің отырысынан кейін халыққа үндеу жасады
Израиль армиясында өз-өзіне қол жұмсау  артты
Германияда шамамен 450 мектепке бомба қойылғаны туралы хат жіберілді
Террорлық ұйым Ирактың солтүстігіндегі Хакуркта тағы 14 мекенінен шықты
Индонезиядағы өрт: 24 адам қайтыс болды, ондаған адам хабар-ошарсыз кетті
АҚШ-та цифрлық жүйелердің жұмысында ақаулар көбеюі мүмкін
«2025 жылы Газада қайтыс болғандар саны 2022 жылмен салыстырғанда төрт еседен астам артты»
Берлинде аурухана өртеніп, науқастар эвакуацияланды
Министр Курум: «Ортақ үйіміз Жер шарының болашағы үшін шешім іздеуді тоқтатпаймыз»
Украинада тағы 14 адам қаза тапты
Трамп Иранға бағытталған шабуылдардың жаңа жылдан кейін қайта басталуы мүмкін екенін ескертті
Түрік Қызыл Жарты Ай қоғамы Газаға 25 мың адамға арналған азық-түлік жіберді
Түркияда қараша айында тұтынушылардың сенім индексі артты
АҚШ «Украинаның Ресейге жер беріп, НАТО-ға мүше болуы» идеясын күн тәртібіне әкелді