Израиль Оңтүстік Ливандағы «Хезболла» нысаналарына соққы берді
Тараптар бір жылға созылған қақтығыстан кейін 2024 жылдың қарашасында атысты тоқтату туралы келісімге келген болатын, алайда Израиль топтың қайта қарулануына жол бермеу үшін әскери операцияларын жалғастырып жатқанын алға тартады.
Израиль армиясы Оңтүстік Ливандағы «Хезболлаға» тиесілі инфрақұрылымдық нысаналарға шабуыл жасағанын мәлімдеді.
Израиль Қорғаныс күштері сенбі күні “Telegram” арнасында «Хезболланың атысты тоқтату келісімдерін қайта-қайта бұзуына жауап ретінде Израиль армиясы Оңтүстік Ливандағы Хезболланың террорлық инфрақұрылымын нысанаға алуда», — деп хабарлады.
Израиль мен Иран қолдайтын «Хезболла» тобы 2024 жылдың қарашасында бір жылдық соғыстан кейін атысты тоқтатуға уағдаласқан еді. Бірақ Израиль «Хезболланың» қайта қарулануына тосқауыл қою мақсатында келісім шарттарын орындап жатқанын айтып, тұрақты түрде шабуыл жасауын тоқтатқан жоқ.
«Хезболла» мен Ливан үкіметі бұл шабуылдарды атысты тоқтату режимін бұзу деп айыптап, наразылық білдірді.
Бұл соққылар Иран мен Израильдің одақтасы АҚШ арасында осы аптада Женевада өткен келіссөздерден кейін болып отыр. АҚШ президенті Дональд Трамп Тегеранға ядролық бағдарламасы бойынша үшін қысым көрсетуде.
Трамп Таяу Шығысқа соңғы онжылдықтағы ең ірі әскери күшті жіберуге бұйрық берді.