САЯСАТ
2 ... минут оқылды
Ресей: Украинаға шетелдік әскер орналастыруға жол берілмейді
Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Украинада шетелдік әскери бөлімшелер орналастырылған жағдайда, Ресей бұған жол бермейтінін мәлімдеді.
Ресей: Украинаға шетелдік әскер орналастыруға жол берілмейді
Кремль баспасөз хатшысы Дмитрий Песков / reuters
 

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Песков астана Мәскеуде журналистерге күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша мәлімдеме жасады.

Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрі Борис Джонсонның атысты тоқтату режиміне қол жеткізілмей тұрып Украинаға еуропалық әскерлерді жіберу қажеттігі туралы мәлімдемесіне баға берген Песков: «Украинада шетелдік әскери бөлімшелердің орналастырылуы Ресей тарапы үшін мүлдем қабылдауға келмейді және бұған жол берілмейді», – деді.

Песков Джонсонның Украина дағдарысын реттеу үдерісінде деструктивті рөл атқарғанын және 2022 жылы соғыстың аяқталуына кедергі келтіргенін атап өтті.

Дмитрий Песков Ресей Федералдық мемлекеттік статистика қызметіне (Росстат) жасалған кибершабуыл салдарынан Ресей армиясының Украинадағы соғыстағы шығындары туралы ақпараттың тарап кетуіне қатысты «Ресей Қорғаныс министрлігі – шығындар туралы деректерді ресми түрде жариялауға құқығы бар жалғыз мекеме. Сондықтан өзге дереккөздерден тараған мәліметтерді назарға алмау керек», – деп мәлімдеді.

Еуропалық өкілдердің Мәскеуге келуіне қатысты әзірге ешқандай өзгеріс жоқ екенін айтқан Песков Украина дағдарысын шешу бойынша жүргізіліп жатқан келіссөздердің мазмұны туралы ақпарат бөліскісі келмейтінін баса айтты.

«Украинаға қатысты белгіленген мақсаттарға жету үшін барлық шаралар қабылдануда»

Ливияның өз аумағында Украинаның орыстың құрғақ жүк кемесі мен Ресей әскери-теңіз флотының корветіне жасаған шабуылдарына жауап беру жоспарларына баға берген Песков мұндай жағдайларда әрбір мемлекеттің жауап қайтаруға құқығы бар екенін жеткізді.

Бұл шабуылдарда жараланған Ресей азаматтарының саны Ресей Қорғаныс министрлігіне белгілі екеніне назар аударған Песков Ресейдің шетелдік порттарда тұрған украиналық кемелерге соққы беру ықтималдығына қатысты «Украинаға қатысты арнайы әскери операция аясында белгіленген мақсаттарға қол жеткізу үшін барлығы жасалуда», – деді.

 

Іздеу
Газада менингит ауруы көбейді
Израильдің Газа секторына жасаған шабуылдарынан екі палестиналық қаза тапты
ASELSAN компаниясының GÖKDENİZ жүйесі Қаратеңіздегі сынақта әуе нысандарын жойды
Германиядағы Мёльн трагедиясында қаза тапқан 3 түрік азаматы еске алынды
Данияда мектепте ұялы телефон пайдалануға тыйым салынады
Президент Ердоған Министрлер кабинетінің отырысынан кейін халыққа үндеу жасады
Грекия Израильмен 1 миллиард еуролық жаңа қару-жарақ келісімін жасауға дайындалуда
Израиль армиясында өз-өзіне қол жұмсау  артты
“Ресейге қауіп төнсе, ядролық қару қолданылуы мүмкін”
Германияда шамамен 450 мектепке бомба қойылғаны туралы хат жіберілді
Террорлық ұйым Ирактың солтүстігіндегі Хакуркта тағы 14 мекенінен шықты
Украина Ливия жағалауында Ресейдің екі кемесіне шабуыл жасалғанын мәлімдеді
Индонезиядағы өрт: 24 адам қайтыс болды, ондаған адам хабар-ошарсыз кетті
АҚШ-та цифрлық жүйелердің жұмысында ақаулар көбеюі мүмкін
«2025 жылы Газада қайтыс болғандар саны 2022 жылмен салыстырғанда төрт еседен астам артты»