САЯСАТ
1 ... минут оқылды
АҚШ Сенаты қорғаныс бюджетін мақұлдады
Бұл бюджет Украинаға 800 миллион доллар, Израильге 600 миллион доллар және Тайвань қауіпсіздік ынтымақтастығы бастамасына 1 миллиард доллар бөлуді көздейді.
АҚШ Сенаты қорғаныс бюджетін мақұлдады
АҚШ Сенаты қорғаныс бюджетін мақұлдады / Reuters

АҚШ Сенаты АҚШ Қорғаныс министрлігінің (Пентагон) 2026 жылы жүзеге асыратын саясаты мен шығыстарын айқындайтын 901 миллиард долларлық Ұлттық қорғанысқа өкілеттік беру туралы заңды мақұлдады.

Сенат заң жобасын сәрсенбі күні 77-ге қарсы 20 дауыс нәтижесімен қабылдап, осы айдың басында Өкілдер палатасынан өткен нұсқаны бекітті.
Енді құжат қол қою үшін АҚШ президенті Дональд Трамптың қарауына жолданады.

3 086 беттен тұратын заң жобасының негізгі тармақтарының қатарында Украина қауіпсіздігіне көмек көрсету бастамасы аясында Украинаға 800 миллион доллар бөлу (алдағы екі жыл үшін), сондай-ақ Башар Асад билігі кезінде енгізілген Цезарь санкцияларын алып тастау мәселесі бар.

Құжатта сондай-ақ «Темір күмбез» жүйесі секілді бірлескен зымыранға қарсы қорғаныс бастамаларын қоса алғанда, Израильге 600 миллион доллар қаражат бөлу көзделген.

Қытай тарапынан туындауы мүмкін қауіптерді де ескерген заң жобасы Үнді-Тынық мұхиты аймағындағы миссиялардың сәтті орындалуын қамтамасыз етуге бағытталған шараларды қамтиды. Сонымен қатар Тайвань қауіпсіздік ынтымақтастығы бастамасы үшін 1 миллиард доллар бөлінеді.

Ұлттық қорғанысқа өкілеттік беру туралы заң АҚШ Қорғаныс министрлігіне Шығыс Еуропадағы АҚШ-тың әскер шығындарын өтеу үшін НАТО одақтастарынан қаржы жинауға өкілеттік береді.

Сондай-ақ заң жобасы Пентагонға Еуропадағы әскери күшті 76 мыңнан азайтпас бұрын, мұндай қадамның АҚШ қауіпсіздігіне ықпалын алдын ала бағалауды міндеттейді.

Іздеу
БҰҰ: «Суданда жыныстық зорлық-зомбылық  соғыс қаруы ретінде қолданылуда»
Оман мен Иран Ормуз бұғазы бойынша жұмыс тобын құрды
Швейцариядағы Иран-АҚШ келіссөздерінде не шешілді?
Мәскеу әуежайлары уақытша жабылды
АҚШ пен Иран Швейцариядағы жоғары деңгейлі келіссөздерді аяқтады
Иран: «Ливандағы қақтығысты тоқтату талпыныстары ілгерілеуде»
Зеленский Ресейдің ауқымды шабуылға дайындалып жатқанын мәлімдеді
Еуропалық Одақ: «Бізге Түркия қажет»
Пәкістан АҚШ пен Иран арасындағы меморандумға «делдал» ретінде қол қойды
Ормуз бұғазын қайта ашу жөніндегі тарихи келісім күшіне енуде
АҚШ–Иран келісімі ресми мәртебе алды
Израильдік министр Түркия-Катар-Пәкістан ынтымақтастығы туралы мәлімдеді
Иран баспасөзі: “АҚШ-пен қол жеткізілген келісім мәтіні қол қойылғаннан кейін жарияланады”
Трамп: «Иранмен ауқымды келісім жасалды»
Трамп пен Зеленский «G7» саммиті аясында кездесті
Израиль министрі Бен-Гвир визадағы қиындықтарға байланысты АҚШ-қа жоспарлаған сапарынан бас тартты
Әлемдегі ең бай 500 адамның байлығына бір күнде 336 миллиард доллар қосылды
Ресей: “Киевпен ресми байланыс арнасымыз жоқ”
Иран министрі: “Бейбіт келісімнің алғашқы шарты – Ливандағы атысты тоқтату”
Иран мен АҚШ толық келісімге қол жеткізілгенін хабарлады