ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
БҰҰ: “Газада әйелдер мен қыздар аса қиын жағдайда”
БҰҰ Әйелдер құрылымының жоғары лауазымды өкілі Газадағы әйелдер мен қыздардың жағдайын әлемдегі ең ауыр гуманитарлық дағдарыстардың бірі деп бағалап, халықаралық қауымдастықты әрекет етуге шақырды.
БҰҰ: “Газада әйелдер мен қыздар аса қиын жағдайда”
БҰҰ: “Газада әйелдер мен қыздар аса қиын жағдайда” / AP

БҰҰ Әйелдер құрылымының саясат, бағдарламалар және үкіметаралық қолдау жөніндегі директоры Сара Хендрикс Израиль қиратқан Газадағы әйелдер мен қыздардың әлемдегі ең жойқын гуманитарлық дағдарыстардың бірін бастан кешіп жатқанын айтты.

Хендрикс көптеген палестиналық үшін жай ғана тірі қалудың өзі күнделікті күреске айналғанын атап өтті.

Нью-Йорктегі БҰҰ штаб-пәтерінде өткен баспасөз мәслихатында ол журналистерге:
«Газадағы әйелдер мен қыздар тірі қалудың өзі күнделікті күреске айналған, әлемдегі ең жойқын гуманитарлық қасіреттердің және шынайы жағдайлардың бірін бастан өткеріп жатыр», - деді.

Хендрикс БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриштің қақтығыстарды тоқтату жөніндегі үндеуін қайталап, күшейіп келе жатқан зорлық-зомбылық жағдайында «Таяу Шығыстағы әйелдер мен қыздармен шынайы ынтымақтастықта екенін» білдірді.

Ол БҰҰ Әйелдер құрылымының Газада мәжбүрлі көші-қон, психологиялық жарақат және қауіпсіздік мәселелерімен күресу үшін әйелдер басқаратын ұйымдармен бірлесіп жұмыс істеп жатқанын айтты.

Хендрикс сондай-ақ Газадағы әйелдердің төзімділігі мен көшбасшылығын тұрақты гуманитарлық көмекке қол жеткізу, қорғау шаралары және халықаралық инвестициялар арқылы қолдау қажет екенін ерекше атап өтті.

ҚатыстыTRT Қазақ - Президент Ердоған: «Израиль Газа мен Батыс Шерияға қарсы шабуылдарын күшейтуде»
Іздеу
Әзербайжан президенті Әлиев Бакуде «құпия» кездесу өткенін мәлімдеді
Жапониядағы математика олимпиадасына Түркиядан қатысқан 11 оқушы 11 медаль жеңіп алды
«ASELSAN» Босния және Герцеговинаға дрондарға қарсы қорғаныс жүйелерін жеткізеді
Тәжікстанға жылдың алғашқы жартысында 889 мың 400 шетелдік турист келді
Пәкістан мен Үндістанда нөсер жаңбырдан қаза тапқандар саны артуда
Таиландта қауіпсіздік бекетіне шабуыл жасалды
Атлант мұхитына құлаған "Pan Am" ұшағының қалдықтары 74 жылдан кейін табылды
АҚШ Иранның әскери нысандарына шабуылдады
Тарихта алғаш рет адам тәріздес роботтар тірі жануарларға ота жасады
Кремль: «Украинамен қақтығысты тоқтату жөніндегі талаптарымыз өзгерген жоқ»
АҚШ-тың B-1 бомбалаушы ұшақтарын қайта қолдана бастағаны хабарлануда
Иранның Хузестан провинциясында зымыран шабуылынан екі адам қаза тапты
Түркияның волейболдан әйелдер және ерлер құрамалары «VNL» финалына шықты
НАТО-ның «Front Door» бастамасы Түркиямен қорғаныс ынтымақтастығын күшейтеді
Түркияның «AKYA» торпедасы сынақтан сәтті өтті