Таиландтағы шабуылда 16 адам жараланды

Дүйсенбі күні жергілікті БАҚ Таиландтың Наративат қаласында демалыс күндері болған екі бөлек шабуылда кем дегенде 16 адамның жараланғанын хабарлады.

/ Reuters

Билік шабуылдарды тергеу барысында қауіпсіздік шараларын күшейтті.

«Бірінші оқиғада Муанг ауданындағы Хок Хиан полиция бөлімшесі жатақханасының алдында тұрған мотоцикл мен оның себеті жарылып, тоғыз адам зардап шекті»,- деп хабарлайды «Bangkok Post». Жарылыс ғимаратқа, қоршауға және тұрақтағы басқа көліктерге зақым келтірген.

Ал Ваенг ауданында қарулы адамдар үй алдында кешкі ас ішіп отырған тайландтық буддистерге қол гранаталарын лақтырып, оқ жаудырған. Шабуылда жараланған жеті адам жергілікті ауруханаға жеткізілді. Зардап шеккендердің жағдайы туралы ақпарат берілмеді. Билік шабуылдарды тергеу барысында аймақта қауіпсіздік шараларын күшейтті.