МӘДЕНИЕТ
2 ... минут оқылды
Гөбеклитепе жәдігерлері Германияда арнайы көрмеде көпшілікке ұсынылмақ
Түркияның Мәдениет және туризм министрлігі Берлинде өтетін көрме Гөбеклитепенің жаһандық деңгейде танылуына үлес қосатынын хабарлап, қаланың «Мұражай аралы» аталған аймағындағы жобамен бірге шетелде басқа да шаралар жоспарланып отырғанын хабарлады.
Гөбеклитепе жәдігерлері Германияда арнайы көрмеде көпшілікке ұсынылмақ
/ AA

Түркияның оңтүстік-шығысында орналасқан және ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген Гөбеклитепе 2026 жылы 96 бөліктен тұратын арнайы жинақпен Германияда көрмеде көпшілікке ұсынылады.

Түркия Мәдениет және туризм министрінің орынбасары Гөкхан Язгы Анадолы агенттігіне берген сұхбатында министрліктің Гөбеклитепені ел ішінде де, шетелде де таныстыру үшін бірнеше жоба жүргізіп жатқанын атап өтті.

Язгы былтыр Римдегі Колизейде ұйымдастырылған «Гөбеклитепе: Қасиетті мекеннің құпиясы» атты көрмені еске алып, бұл шараға 6 миллионнан астам адам келгенін жеткізді.

Бұл жолы Гөбеклитепенің Берлинде «Тастағы мифтер: Гөбеклитепе және соңғы аңшылар әлемі» атауымен таныстырылатынын айтқан Язгы неолит мұрасын насихаттауға бағытталған қадамдардың қарқын алып келе жатқанын атап өтті.

«Тас төбелер жобасы – дүниеде теңдесі жоқ жоба. Осы жоба арқылы Гөбеклитепе әлемдік туризм әдебиетінде және археология саласында мүлде жаңа орынға ие болды. Биыл 500 мыңнан астам келушіні қабылдадық және келушілер саны күн өткен сайын артып келеді», — деген Язгы Гөбеклитепенің неолит дәуіріндегі рөлін және әлемдік археологиядағы орнын айқындау үшін арнайы жинақ дайындалып жатқанын айтты.

Язгы: «Гөбеклитепенің әлемдік археологиядағы орнын, «Тас төбелер» жобасының қаншалықты ерекше екенін бүкіл дүниеге танытамыз. Еліміз бен қаламыздың туризмде лайықты орнын алуы үшін бар күшімізді саламыз», — деді.

Берлиндегі көрменің Гөбеклитепені әлемге таныстыру үшін ең соңғы қадам екенін атап өткен Язгы министрліктің Берлиндегі «Мұражай аралында» ауқымды жоба бастайтынын және өзге елдерде де осындай таныстыру шаралары жоспарланып отырғанын айтты.

Язгы: «Түркияның насихаты және еліміздің мәдени туризмге үлес қосатын осы бірегей байлығының әлем бойынша танылуы үшін үлкен күш жұмсап жатырмыз», - деді.

Германияның Еуропадағы орнын ерекше атаған министр орынбасары көрме археология әуесқойларынан құралған кең ауқымды аудиторияға жететінін жеткізді.

Көрмеде Гөбеклитепеден алынған 3 жәдігердің көшірмесі, Гөбеклитепе Қарсы алу орталығында келушілерге ұсынылған фильмдерден көптеген тілдегі үзінділер, әртүрлі цифрлық жұмыстар және ақпараттық тақталар көрсетілмек.

Көрме 2026 жылдың ақпан айында ашылып, алты ай бойы жалғасады.

Іздеу
АҚШ Иранға қарсы алты күндік шабуыл операциясының аяқталғанын мәлімдеді
Тоқаев: «Қазақстан Қытайды Еуропамен байланыстыратын негізгі логистикалық орталыққа айналуы керек»
Кремль: «Украина мәселесіне қатысты келіссөздерді Түркияның араағайындығымен бастауға дайынбыз»
15 шілдеден кейінгі энергетикалық саясат
Украина Сыртқы істер министрі: «Атысты тоқтатуға дайынбыз»
Израиль шабуылдарынан төрт палестиналық қаза тапты
Ресей Киевте екі адамды өлтірді
Иран АҚШ-қа Ормуз бұғазына байланысты ескерту жасады
Израильге әскери көмекті тоқтату туралы заң жобасы қабылданбады
Волейболдан Түркияның ерлер құрамасы Ұлттар лигасында алтыншы рет жеңіске жетті
«Біз Еуропалық одақтың толыққанды мүшесі болуға лайықпыз»
Грекияда бірнеше өңірді өрт шарпыды
Иран армиясы: “Кувейт пен Бахрейндегі АҚШ базаларына дронмен соққы бердік”
Қазақстан БҰҰ Бітімгершілік күштері аясында Ливанға әскер жіберді
FETÖ-нің қорғаныс өнеркәсібіндегі диверсиялары  және соңғы 10 жылдағы отандық қорғаныс серпілісі