ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
2 ... минут оқылды
АҚШ бірқатар елге саяхаттамауға кеңес берді
АҚШ Мемлекеттік департаменті өңірдегі шиеленістің күшеюіне байланысты Иордания, Оман, Сауд Арабиясы және Біріккен Араб Әмірліктеріне сапарды қайта қарастыруға кеңес берді.
АҚШ бірқатар елге саяхаттамауға кеңес берді
АҚШ бірқатар елге саяхаттамауға кеңес берді / AP
 

АҚШ сәрсенбі күні Иордания, Оман, Сауд Арабиясы және Біріккен Араб Әмірліктеріне саяхат қауіп деңгейін 3-деңгейге көтеріп, бұл елдерге саяхаттауды қайта қарастыруға кеңес берді.

Бұл ескерту АҚШ Мемлекеттік департаменті жаңартқан саяхат туралы хабарламада жарияланды. Сонымен қатар Бахрейн, Кувейт, Израиль және Катар да дәл осы қауіп деңгейіне енгізілді.

Ал Мысыр 2-деңгейде қалдырылып, бұл елге баратындарға аса мұқият болу керектігі айтылды.

Осы арада Бахрейндегі АҚШ елшілігі барлық консулдық қызметтердің екінші хабарламаға дейін тоқтатылғанын мәлімдеді. Елшілік Бахрейндегі АҚШ азаматтарына елден шығу қауіпсіз болса, дереу кетуге кеңес берді.

Пәкістанға қатысты ескерту

АҚШ үкіметі сәрсенбі күні қауіпсіздікке байланысты Лахор мен Карачидегі консулдықтарынан төтенше жағдай қызметкерлері мен олардың отбасыларын эвакуациялау туралы бұйрық бергенін хабарлады. Ал жаңартылған саяхат ескертуіне сәйкес Исламабадтағы АҚШ елшілігінің жұмыс тәртібіне өзгеріс енгізілмеді.

Таяу Шығыстағы жағдай 28 ақпанда АҚШ пен Израильдің Иранға жасаған әуе шабуылдарынан кейін күрт шиеленісті. Бұл шабуылдарда 786 адам қаза тапты.

ҚатыстыTRT Қазақ - Трамп АҚШ-тың Иранда «ауқымды операция» бастағанын жариялады

Тегеран бұл шабуылдарға жауап ретінде Парсы шығанағындағы АҚШ-тың әскери нысандарына ұшқышсыз әуе аппараты және зымыранмен соққы берді. Нәтижесінде бірнеше адам қаза тауып, алты америкалық әскери қызметкер мерт болды, бірнеше адам жараланды.

АҚШ жариялаған саяхат ескертуінде «Иран тарапынан ұшқышсыз әуе аппараты мен зымыран шабуылы қаупі сақталуда және коммерциялық әуе рейстерінде айтарлықтай кідіріс бар» делінген.

Әли Хаменей өлтірілгеннен кейін Пәкістанда АҚШ-қа қарсы шерулер өтті.

ҚатыстыTRT Қазақ - Иран көсемі Әли Хаменеи АҚШ пен Израильдің шабуылынан қаза тапты

Бұған дейін АҚШ-тың Пәкістандағы елшілігі Хайбер-Пахтунхва уәлаятының Пешавар қаласындағы консулдықтың уақытша жабылғанын хабарлаған болатын.

Іздеу
Байрамов: «Әзербайжан мен Түркияның бауырластығы одан әрі нығаяды»
Аккую АЭС-інің бірінші блогын іске қосуға бір қадам қалды
Путин Си Цзиньпинмен кездесті
Түркия Анталия–Газа климаттық дәлізін құруды ұсынды
Австралия Батыс Шериядағы заңсыз қоныстарға байланысты израильдіктерге санкция салды
АҚШ Иранның Кешм аралына бірнеше рет шабуыл жасады
Ле Пен Франция президенті болып сайланса, Украинаға берілетін көмекті тоқтататынын мәлімдеді
«Түркия – Еуропа қауіпсіздігіндегі маңызды ойыншы және НАТО-ның таптырмас одақтасы»
Моңғолия президенті жемқорлық айыптауларына байланысты отставкаға кететінін мәлімдеді
Ресей: «Украина Қырым көпіріне қайта шабуыл жасады»
Түркия климат мектебінде табиғи апат қаупін азайту жолдары талқыланды
Вэнс: «Трамп әкімшілігі Ирандағы соғыстың ұзаққа созылуына жол бермейді»
Трамп Қытай және Ресей басшыларымен кездеседі
Еуропаның бес елі мигранттарды Руандаға көшіруді жоспарлап отыр
Министр Фидан: «Түркияның жетекші рөлі халықаралық деңгейде мойындалуда»