САЯСАТ
2 ... минут оқылды
Индонезия мен Иран сыртқы істер министрлері сөйлесті
Өңірлік шиеленіс күшейген кезеңде Индонезия сабыр мен диалогқа шақырды.
Индонезия мен Иран сыртқы істер министрлері сөйлесті
Сугионо жазықсыз адамдардың өлімін болдырмау үшін Индонезияның диалог арнасын орнатуға көмек беруге дайын екенін білдірді. / AP

Индонезияның Сыртқы істер министрі сейсенбі күні ирандық әріптесіне Джакартаның Иран, АҚШ және Израиль арасындағы ушығып бара жатқан қақтығыста бітім орнату үшін көмек беруге дайын екенін жеткізді.

Индонезия Сыртқы істер министрі Сугионо Таяу Шығыстағы шиеленістің артуы аясында Иран Сыртқы істер министрі Аббас Аракчимен телефон арқылы сөйлесті.

Сугионо “X” платформасындағы жазбасында: «Индонезия бейбітшілікті ілгерілетуде сындарлы рөл атқаруға дайын. Осы тұрғыда шиеленістің одан әрі ушығуына жол бермеу және жазықсыз адамдардың қаза табуын болдырмау мақсатымен диалог пен бітімгерлікті жеңілдетуге әзір екенімізді мәлімдейміз», - деді.

Министр барлық тарапты барынша сабыр сақтауға және шиеленісті төмендету үшін шұғыл шара қабылдауға шақырды.

ҚатыстыTRT Қазақ - Әли Хаменеи қаза тапқаннан кейін ирандықтар көшеге шықты

Дүйсенбі күні Аракчи өңірлік ахуалды талқылау үшін Ауғанстанның уақытша Сыртқы істер министрі Молла Әмір Хан Муттакимен де сөйлесті.

Ауғанстан Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесіне сәйкес, Муттаки жағдайға «терең алаңдаушылық» білдіріп, Иранға қарсы АҚШ пен Израильдің шабуылдарын айыптады.

Сондай-ақ Муттаки Иранның Жоғарғы жетекшісі Әли Хаменейдің нысанаға алынуына байланысты көңіл айтты.

Сенбі күнінен бері АҚШ пен Израильдің бірлескен шабуылдары салдарынан Иранның бірқатар жоғары лауазымды тұлғаның қаза тапқаны хабарланды.

Тегеран Парсы шығанағындағы АҚШ-пен байланысты нысандарға ұшқышсыз ұшу аппараттары мен зымыран арқылы соққы беріп, жауап қайтарды.

Иран Қызыл Жарты Ай қоғамының мәліметінше, сенбі күнінен бері АҚШ пен Израильдің әуе шабуылдары салдарынан қаза тапқан саны 555-ке жетті.

ҚатыстыTRT Қазақ - Иран дағдарысы салдарынан мұнай бағасы артуы мүмкін
Іздеу
Ормуз бұғазында апатқа ұшыраған екі танкер өртенді
Конгода Эбола індетін жұқтырғандар саны 11 мыңнан асты
ЕО Даму банкі Түркияның таза энергияға көшуіне 6 миллиард доллар инвестиция салады
Түркияның баскетболдан әйелдер құрамасы Черногорияны 79:62 есебімен жеңді
Президент Ердоған COP31 саммиті аясында екіжақты кездесулерін жалғастыруда
Президент Ердоған: "Өркениетіміздің өзегінде табиғатқа деген құрмет жатыр"
БАӘ-де Украинадағы соғысты тоқтату жөніндегі үшжақты келіссөздер жалғасуда
Израиль Батыс Шерияда 165 мың шаршы метр Палестина жерін тәркілеуге бұйрық берді
Еуроодақ 2027 жылға арналған бюджет көлемін келісті
COP31 басталды: Көшбасшылар белсенді болуға шақыруда
Президент Ердоған БҰҰ Бас хатшысы Гутерришті қабылдады
Оңтүстік Корея мен Украина сыртқы істер министрлері Парижде кездесті
Иранның ықтимал шабуылдары АҚШ шенеуніктерін алаңдатып отыр
Түркия мен Сауд Арабиясы электр энергетикасы саласында  ынтымақтастық меморандумына қол қойды
БҰҰ Бас хатшысы Гутерриш Түркияға COP31 үшін жоғары баға берді