ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Грузияда полиция «Бешикташ» жанкүйерлеріне күш қолданды
УЕФА Еуропа лигасының бесінші туры аясында Түркияның «Бешикташ» командасы мен Израильдің «Хапоэль Беэр-Шева» командасы арасында өткен кездесу трибунадағы тәртіпсіздік пен полицияның күш қолдануына байланысты 25-минутта тоқтатылды.
Грузияда полиция «Бешикташ» жанкүйерлеріне күш қолданды
Грузияда «Бешикташ» жанкүйерлеріне полиция күш қолданды / Anadolu Agency (Wire)
 

Кездесудің 25-минутында трибунада болған тәртіпсіздікке Грузия полициясы шамадан тыс күш қолданды,

Грузия полициясы матч басталмай тұрып Палестина туын көтерген жанкүйерлерге көзден жас ағызатын газ шашып, күш қолданды.

Газдан зардап шеккен кейбір жанкүйерлерге стадиондағы медицина қызметкерлері көмек көрсетті. Сонымен қатар стадионның дауыс зорайтқыштары арқылы «Бешикташ» жанкүйерлері сабыр сақтауға шақырылды.

Оқиға кезінде «Бешикташ» футболшылары трибуна алдына барып, жанкүйерлермен сөйлесіп, оларды сабырға шақырды.

Шиеленістің басылмауына байланысты кездесудің бас төрешісі Мортен Крог ойынды тоқтатып, көмекшілерімен бірге киім ауыстыратын бөлмеге кетті. Екі команданың футболшылары да алаңнан шықты.

Шамамен 40 минутқа тоқтатылған матч жағдай тұрақталғаннан кейін қайта жалғасты. Төрешілер мен футболшылар алаңға оралып, бес минуттық жаттығудан кейін ойын жалғасты.

«Бешикташ» Израильдің «Хапоэль Беэр-Шева» командасын 2:1 есебімен жеңді.

Түркия Грузиядағы жанкүйерлердің жағдайын жіті бақылап отыр

Түркия Сыртқы істер министрлігіндегі дереккөздер УЕФА Еуропа лигасы аясындағы «Бешикташ» матчын тамашалау үшін Грузияның Батуми қаласына барған Түркия азаматтарының жағдайы жіті бақылауда екенін хабарлады.

Сонымен қатар Түркия Сыртқы істер министрі Хакан Фидан Грузия Сыртқы істер министрі Мака Бочоришвилимен телефон арқылы сөйлесті.

Іздеу
Мұнай бағасы төмендеді
Қытай «Шэньчжоу-24» ғарыш кемесін ұшырды
Президент Ердоған «Халықаралық Кавказ конгресіне» үндеу жолдады
Түркияның алғашқы қалқымалы күн электр станциясы 2027 жылы электр энергиясын өндіре бастайды
Жасанды интеллектінің ең озық модельдері көпшілікке ұсынылмауы мүмкін
«Галатасарай» «Астон Вилланы» 1:0 есебімен жеңді
НАТО Түркияға көңіл айтты
Газада менингит ауруы көбейді
БҰҰ: «Әйелдердің жақындары тарапынан өлтірілу көрсеткіші әлі де жоғары»
Түркия Қаратеңіздегі кеме қатынасының қауіпсіздігі үшін жаңа тетік әзірлеуде
Израильдің Газа секторына жасаған шабуылдарынан екі палестиналық қаза тапты
ASELSAN компаниясының GÖKDENİZ жүйесі Қаратеңіздегі сынақта әуе нысандарын жойды
Германиядағы Мёльн трагедиясында қаза тапқан 3 түрік азаматы еске алынды
Данияда мектепте ұялы телефон пайдалануға тыйым салынады
Президент Ердоған Министрлер кабинетінің отырысынан кейін халыққа үндеу жасады