ТҮРКИЯ
1 ... минут оқылды
Түркия президенті Ердоған Катарда
Өткен аптада Дохадағы ХАМАС жетекшілеріне бағытталған Израиль шабуылына жауап ретінде Катар саммитке шақырған болатын.
Түркия президенті Ердоған Катарда
/ AA

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Катарға барып, өткен аптада Израильдің Дохаға жасаған шабуылынан кейін ұйымдастырылатын төтенше Араб-Ислам саммитіне қатысады.

Президент Ердоғанмен бірге жұбайы Емине Ердоған, Ұлттық барлау ұйымының басшысы Ибрахим Калын, Президенттің сыртқы саясат және қауіпсіздік жөніндегі бас кеңесшісі Акиф Чағатай Кылыч, Коммуникация басқармасы басшысы Бурханеттин Дуран және Әділет және даму партиясының төраға орынбасары Халит Йеребакан сапарға шықты.

Дохадағы Араб-Ислам саммиті аймақтың әртүрлі елдерінен мемлекет басшылары мен жоғары лауазымды тұлғаларды жинайды.

Саммит өткен аптада ХАМАС жетекшілерін нысанаға алған және Хамастың бес мүшесі мен катарлық бір қауіпсіздік қызметкері қаза тапқан Израиль шабуылына жауап ретінде өткізіледі.

«Халықаралық қауымдастық қос стандартты тоқтатып, Израильді жасаған барлық қылмыстары үшін жазалауы керек», – деді Катардың премьер-министрі және Сыртқы істер министрі Шейх Мұхаммед бин Абдуррахман Әл Тани.

Ол «Бұл режим Катар, Ливан, Ирак, Иран және Йемен сияқты көптеген ислам еліне шабуыл жасады. Олар қалағанын істейді, ал өкінішке қарай АҚШ пен Еуропа елдері бұл әрекеттерді қолдайды» деді.

ҚатыстыКатар Израильдің шабуылдарын «мемлекеттік терроризм» деп айыптап, қатаң сынға алды - TRT Global

Катар АҚШ және Мысырмен бірге 2023 жылдың қазан айынан бері 65 000-ға жуық палестиналық қаза тапқан Газаға қарсы Израиль соғысын тоқтату бойынша келіссөздерде делдалдық жасап келеді.

Іздеу
Түрік Қызыл Жарты Ай қоғамы Босния және Герцеговинадағы мұқтаж жандарға 9,5 тонна көмек жеткізді
Иран: «АҚШ-тың Бахрейндегі  ерте ескерту радары жойылды»
Малатияда апатқа ұшыраған тікұшақтағы 4 әскери қызметкер шейіт болды
Түркия мен Қытай арасында жаңартылатын энергия саласында инвестициялық келісімге қол қойылды
Әзербайжан президенті Әлиев пен Украина президенті Зеленский Дублинде кездесті
Президент Ердоған Иран президенті Пезешкианмен кездесті
Түркияның танымал тұлғалары COP31-де климат дағдарысына қарсы әрекет етуге шақырды
Ормуз бұғазында апатқа ұшыраған екі танкер өртенді
Конгода Эбола індетін жұқтырғандар саны 11 мыңнан асты
Түркия Израильдің президент Ердоғанға қатысты мәлімдемесіне наразылық білдірді
ЕО Даму банкі Түркияның таза энергияға көшуіне 6 миллиард доллар инвестиция салады
Президент Зеленский: “Соғысты аяқтау АҚШ-тың Ресейге қатысты ұстанымына байланысты”
Түркияның баскетболдан әйелдер құрамасы Черногорияны 79:62 есебімен жеңді
Президент Ердоған COP31 саммиті аясында екіжақты кездесулерін жалғастыруда
БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш елдерді «Климаттық әділдік келісімін» қабылдауға шақырды