Иракта алғаш рет Ирак Түрікмен майданының өкілі мемлекеттік министр болды
ITC төрағасы Мұхаммед Семан Аға: "Иракқа және түркімен халқымызға құтты болсын." деді.
Иракта алғаш рет Ирак Түрікмен майданының өкілі мемлекеттік министр болды
Иракта алғаш рет Ирак Түрікмен майданының өкілі мемлекеттік министр болды

Ирак Парламентінде премьер-министрдің орынбасарлары мен бос министрлік орындары үшін өткізілген сайлауда алғаш рет Ирак Түрікмен майданынан (ITC) үміткер мемлекеттік министрлік қызметіне сайланды.

Сәуір айында 100 жылдық үзілістен кейін Керкүк губернаторы қызметіне сайланған Ирак Түрікмен майданының төрағасы Мұхаммед Семан Аға Ирак Парламенті тарапынан мемлекеттік министр қызметіне тағайындалды.

ITC төрағасы Аға «X» әлеуметтік желісіндегі парақшасында түрік тілінде жасаған хабарламасында былай деп жазды: «Иракқа және түрікмен халқымызға құтты болсын. Қызметімізді абыроймен атқарамыз деген үміттемін. Алла ұятқа қалдырмасын!»

Ағаның 19 қазан дүйсенбі күні Губернаторлық қызметтен кету туралы өтінішін Керкүк провинциялық кеңесіне ұсынуы күтілуде. Одан кейін Ирак Түрікмен майданы Керкүк провинциялық кеңесіне ұсынатын 3 үміткердің бірі қайтадан Керкүк губернаторы қызметіне сайланады.

Керкүктегі түрікмен, күрд және араб саяси коалициялары арасында қол жеткізілген ротациялық губернаторлық келісіміне сәйкес, губернаторлық қызмет осы жылдың соңына дейін түрікмендерде болады.

Іздеу
Президент Ердоған COP31 аясында қарқынды дипломатиялық кездесулер өткізуде
«Көшбасшылардың COP31 саммитінде танытқан табандылығы Париж климаттық келісімі үшін үміт ұялатады»
Трамп қызметінен кетпес бұрын Куба мәселесін шешуді көздеп отыр
“Microsoft 365” қызметіндегі ақау әлі жойылған жоқ
Ресей мен Ауғанстан астық және энергетикалық жабдықтар жеткізу жөнінде келісімге келді
Бейбітшілік келіссөздерінің келесі кезеңі Еуропаның қатысуымен өтпек
Түрік Қызыл Жарты Ай қоғамы Босния және Герцеговинадағы мұқтаж жандарға 9,5 тонна көмек жеткізді
«АҚШ Орталық қолбасшылығы Иранға қайта шабуыл жасалуы мүмкін екенін ескертті»
ЕО: «Біздің қауіпсіздігіміз Украинаның қауіпсіздігіне тікелей байланысты екені анық»
АҚШ президенті Трамптың арнайы өкілдері Ресей президенті Путинмен кездесті
Иран: «АҚШ-тың Бахрейндегі  ерте ескерту радары жойылды»
Малатияда апатқа ұшыраған тікұшақтағы 4 әскери қызметкер шейіт болды
Түркия мен Қытай арасында жаңартылатын энергия саласында инвестициялық келісімге қол қойылды
Әзербайжан президенті Әлиев пен Украина президенті Зеленский Дублинде кездесті
Президент Ердоған Иран президенті Пезешкианмен кездесті