Қорғаныс өнеркәсібінің жүрегі Стамбулда соғады: “SAHA 2026” бүгін басталады
ТҮРКИЯ
2 ... минут оқылды
Қорғаныс өнеркәсібінің жүрегі Стамбулда соғады: “SAHA 2026” бүгін басталады120 елден 1700-ден астам фирманың қатысуымен рекорд орнататын бұл алып көрмеде ұшқышсыз жүйелерден бастап жаңа буын ауыр қаруларына дейін түрік инженерлерінің ең соңғы жетістіктері алғаш рет әлемге таныстырылады.
Қорғаныс өнеркәсібінің жүрегі Стамбулда соғады: “SAHA 2026” бүгін басталады / AA

Түркия мен Еуропаның ең ірі қорғаныс, авиация және ғарыш өнеркәсібі кластері болып табылатын «SAHA İstanbul» ұйымдастыруымен өтетін “SAHA 2026” көрмесі 5-9 мамыр аралығында Стамбул көрме орталығында өтеді.

Жалпы ауданы 400 мың шаршы метрді құрайтын көрме бұған дейінгі ең ауқымды іс-шаралардың бірі болмақ. 120-дан астам елден келушілер күтілуде, көрмеге 1700-ден астам компания (оның 263-і халықаралық), 200 мыңнан астам келуші және 30 мыңнан астам сала маманы қатысады деп жоспарланған.

Көрме аясында жоспарланған 30 мыңнан астам B2B (бизнестен бизнеске) кездесу бұл шараны жай ғана таныстырылым алаңы емес, тікелей іскерлік байланыстар, жеткізу тізбегін қалыптастыру және стратегиялық серіктестік орнату платформасына айналдырады.

8 миллиард долларға дейін экспорттық келісімдер

“SAHA 2026” көрмесінде 203 жаңа өнім таныстырылып, жалпы саны 164 қол қою рәсімі өтеді. Бұл көрсеткіш алдыңғы көрмедегі экспортқа бағытталған келісімдерден шамамен 3 есе көп. “SAHA 2024-те” қол жеткізілген 6,2 миллиард долларлық экспорттық келісім көлемін биыл кемінде 8 миллиард долларға жеткізу көзделіп отыр.

Көрмеде көптеген жоғары технологиялық және «ойын ережесін өзгертетін» жаңа өнім алғаш рет жаһандық экожүйемен қауышады. Сондай-ақ Түркияда жасалған автономды ұшқышсыз жерүсті көліктері мен планета аралық роверлер (rover) арнайы дайындалған алаңдарда өз мүмкіндіктерін көрсетеді.

Теңіз күштеріне тиесілі платформалар да келушілер үшін ашық болады. Әлемдегі алғашқы соққы беруші ұшқышсыз ұшақ тасығыш кемесі — “TCG Anadolu” бастаған Түрік Әскери-теңіз күштерінің кемелері Атакөй маринасы мен Сарайбурну портында зәкір тастайды.

Түрік қорғаныс өнеркәсібінің жаңа жұлдыздары

“SAHA 2026-да” көптеген технология алғаш рет көрсетіледі:

  • “Baykar”: 1000 шақырымнан асатын қашықтыққа ұшатын және жасанды интеллектпен басқарылатын “MIZRAK” ақылды оқ-дәрісі, “K2 Камикадзе” (ұшқышсыз ұшу аппараты) және “Sivrisinek” оқ-дәрілері алғаш рет таныстырылады.

  • “ASELSAN”: «Көгілдір Отанды» қорғайтын жаңа жойқын күштерді, “Болат күмбез” әуе қорғаныс жүйесіне жаңа мүмкіндіктер қосатын технологияларды және әуе шабуылында басымдық беретін жаңа жүйелерді ұсынады.

  • “ROKETSAN” және “FNSS”: Халық арасында «лазерлік қару» деп аталатын “ALKA-KAPLAN HİBRİT” бағытталған энергиялық қару жүйесі қосымша мүмкіндіктерімен көрсетіледі.

  • “STM”: Ұзақ қашықтыққа ұшатын “Камикадзе”, жетілдірілген “ALPAGU” жаңа нұсқасы және шағын барлау-бақылау жүйелерін алғаш рет көпшілікке паш етеді.

Халықаралық деңгей және Ғарыш экожүйесі

Көрмеге 140-тан астам ресми делегация, 25-тен астам шетелдік министр және көптеген жоғары лауазымды әскери шенді қатысады. Бағдарлама аясында 17 халықаралық панель және 4 «Space Talks» сессиясы өтеді.

Биылғы көрменің ерекше бағыттарының бірі — инвестициялық экожүйе мен ғарыш экожүйесі. НАТО Иновациялық қоры (NIF) мен “НАТО DIANA” бағдарламасы аясындағы фирмалар да көрмеге қатысады. Арнайы құрылған «Space Dome» (Ғарыш күмбезі) алаңында ғарыш технологиялары таныстырылады.

9 мамыр күні көрме есігі барша жұртшылық үшін ашық болады.

ҚатыстыTRT Қазақ - Технологияның жүрегі «SAHA-да» соғады
Іздеу
Қазақстан БҰҰ Бітімгершілік күштері аясында Ливанға әскер жіберді
Сыртқы істер министрі Фидан Украинаға сапармен барады
Президент Ердоғанның "15 шілде: Түркия ғасырының Тәуелсіздік декларациясы" атты мақаласы
Әлем кубогында алғашқы финалист — Испания
Израиль мен Ливан арасындағы келіссөздердің 6-шы кезеңі кеше Римде басталды
15 шілде түні болған оқиғалар, төңкеріс әрекетінің шешуші сәттері және халықтың ерлігі
Президент Ердоған Катарға барады
Трамп Ормуз бұғазынан өтетін кемелерден 20 пайыздық алым алуды ұсынды
«Мемлекетіміздің барлық құрылымдары бұл ауыр тәжірибеден тиісті сабақты алды»
Фетхуллахшы террорлық ұйымы (FETÖ) деген не?
2016 жылғы 15 шілдедегі сәтсіз төңкеріс әрекеті барысында әшкереленген "Bylock-тағы" иерархия
Түркиялық теннисші Зейнеп Сөнмез әлемнің ең үздік 50 спортшысының қатарына енді
Ормуз бұғазындағы кеме қозғалысы соңғы бес аптадағы ең төменгі деңгейге түсті
Түркия президенті Катарға көңіл айтты
Түркия Сирия Халық мәжілісінің алғашқы отырысының өтуін құптады