ТҮРКИЯ
3 ... минут оқылды
"Түркия — «әлемнің байланыс нүктесі» деңгейіндегі экономика"
Вице-президент Йылмаз: «Қақтығыстардан алыс, саяси тұрақтылығы мен саясаттағы болжамдылығы арқасында Түркия өз аймағында тұрақтылық аралы ретінде танылып, «қауіпсіз айлақ» қасиетімен алға шығуда», — деді.
"Түркия — «әлемнің байланыс нүктесі» деңгейіндегі экономика"
Вице-президент Йылмаз: «Экономикамыздың сыртқы соққыларға төзімділігі айтарлықтай артты», — деді. [Мұрағат] / AA
 

Түркия Республикасының вице-президенті Джевдет Йылмаз «Vision 100» платформасы ұйымдастырған «Vision 100 Стамбул саммитінде» сөйлеген сөзінде «Жаһандық экономиканың болашағы» тақырыбының өте орынды екенін айтты. Жаһандық экономиканың өндірістен саудаға, қаржыдан еңбек нарығына дейін түбегейлі өзгерістерді бастан өткеріп жатқанын атап өткен Йылмаз бұл трансформацияны дұрыс түсіну елдер мен компаниялар үшін шешуші факторға айналғанын білдірді.

Қалыпты кезеңдерде әлемдік экономикалық тәртіптің оңайлықпен өзгермейтінін баса айтқан Йылмаз дағдарыс пен трансформация кезеңдерінде дұрыс қадам басқан елдердің жаһандық экономикада жоғары сатыларға көтеріле алатынын айтып, Түркияның бұл мүмкіндіктерді барынша тиімді пайдаланатынына сенетінін жеткізді.

Соңғы жылдары жаһандық экономиканың пандемия, соғыстар, энергетикалық дағдарыс және жоғары инфляция сияқты бірінен соң бірі келген соққыларға тап болғанын атап өткен Йылмаз әсіресе Ресей-Украина соғысынан кейін энергетикалық және азық-түлік қауіпсіздігі алдыңғы қатарға шыққанын, ал жаһандық инфляцияның ақша-несие саясатын қатаңдатуға мәжбүр еткенін тілге тиек етті. Жаһандық өсімнің соңғы үш жылда орташа есеппен 3 пайыз деңгейінде қалғанын еске салған Йылмаз бұл көрсеткіштің тарихи орташа деңгейден төмен екеніне назар аударды.

Таяу Шығыстағы соғыстардың энергия бағасына, көлік шығындарына және қаржы нарықтарына айтарлықтай әсер еткенін білдірген вице-президент әсіресе Ормуз бұғазындағы тәуекелдердің мұнай мен сұйытылған табиғи газ жеткізіліміне әсер етіп, бағаны өсіргенін айтты. Түркияға да бағаның әсер еткенін білдірген Йылмаз соған қарамастан соңғы жылдары жасалған инвестициялардың арқасында жеткізілім мәселесі туындамағанын баса айтты.

Йылмаз жаһандық экономикада негізгі үш трансформацияның алға шыққанын атап өтіп, оларды цифрландыру және жасанды интеллект, климаттың өзгеруімен күрес және жасыл трансформация, сондай-ақ көпжақты сауда жүйесінің әлсіреуі мен геосаяси блоктану деп тізіп айтты. Жасанды интеллект тек технология ғана емес, барлық саланы өзгертетін көлденең күш екенін айтқан Йылмаз деректер мен технологияны қажет ететін секторлардың жаһандық экономикада үлкен үлес алып жатқанын білдірді.

Түркия экономикасының жаһандық белгісіздіктерге қарамастан мықты төзімділік көрсеткенін атап өткен Йылмаз жүзеге асырылып жатқан экономикалық бағдарламаның арқасында макроэкономикалық және қаржылық тұрақтылықтың нығайғанын білдірді. Түркия экономикасының 2020-2025 жылдар аралығында 35 пайызға өскенін жеткізген вице-президент ұлттық табыстың 1,6 триллион доллар артқанын, ал жан басына шаққандағы табыстың 18 мың доллардан асқанын айтты. Түркияның биыл алғаш рет Дүниежүзілік банк жіктемесі бойынша табысы жоғары елдер лигасына қадам басқанын мәлімдеді.

Йылмаз Түркияның Еуропа, Азия және Африканың түйіскен жерінде «әлемнің байланыс нүктесі» позициясында екенін айтты. Түркияның бір жағынан тежегіш күшін арттырып, екінші жағынан дипломатияға басымдық беріп отырғанын атап көрсетті.

Президент Режеп Тайып Ердоған жариялаған «Түркия ғасыры: Инвестиция үшін қуатты орталық» бағдарламасына да тоқталған Йылмаз өндіріс пен экспортқа бағытталған фирмалар үшін неғұрлым бәсекеге қабілетті салық құрылымы жасалатынын білдірді. Экспорттаушы өндірушілер үшін корпоративтік табыс салығы төмендетілетінін айтқан вице-президент Түркияны жаһандық ауқымдағы қуатты өндіріс базасына айналдыруды мақсат етіп отырғандарын мәлімдеді. Сонымен қатар транзиттік сауда, қызмет көрсету экспорты және білікті адами ресурстарды тартуға бағытталған жаңа ынталандырулар арқылы инвестициялық ортаның одан әрі нығая түсетінін атап өтті.

Іздеу
Түркия Шенген визасын алу тәртібін жеңілдетуді сұрады
«KIZILELMA» әлемдік баспасөзде кеңінен талқыланды
Министр Курум: «COP31-де ортақ келісімге қол жеткізуді көздейміз»
Президент Ердоған: «Израиль Газаны әлемдегі ең үлкен концлагерьге айналдырып жатыр»
Аккую АЭС-інің бірінші блогын іске қосуға бір қадам қалды
Түркия Анталия–Газа климаттық дәлізін құруды ұсынды
«Түркия – Еуропа қауіпсіздігіндегі маңызды ойыншы және НАТО-ның таптырмас одақтасы»
Түркия климат мектебінде табиғи апат қаупін азайту жолдары талқыланды
Министр Фидан: «Түркияның жетекші рөлі халықаралық деңгейде мойындалуда»
COP31 төрағасы: “Әр елдің даму жолы әртүрлі, бірақ болашағымыз ортақ”
«Түркия Палестинаны қолдауды жалғасырады»
Президент Ердоған: «Палестина күресін барлық мінберде қорғаймыз»
Президент Ердоған COP31 аясында қарқынды дипломатиялық кездесулер өткізуде
«Көшбасшылардың COP31 саммитінде танытқан табандылығы Париж климаттық келісімі үшін үміт ұялатады»
Түрік Қызыл Жарты Ай қоғамы Босния және Герцеговинадағы мұқтаж жандарға 9,5 тонна көмек жеткізді
Малатияда апатқа ұшыраған тікұшақтағы 4 әскери қызметкер шейіт болды
Түркия мен Қытай арасында жаңартылатын энергия саласында инвестициялық келісімге қол қойылды
Президент Ердоған Иран президенті Пезешкианмен кездесті
Түркияның танымал тұлғалары COP31-де климат дағдарысына қарсы әрекет етуге шақырды
ЕО Даму банкі Түркияның таза энергияға көшуіне 6 миллиард доллар инвестиция салады