ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
2 ... минут оқылды
Мұнай бағасы артып, қор нарығы төмендеді
Израильдегі хоусит шабуылдары және АҚШ-тың Ирандағы қақтығысты ушықтыруы мүмкін деген алаңдаушылық нарыққа қатты әсер етіп, мұнай бағасын арттарды. Жаһандық экономикалық қауіп күшейді.
Мұнай бағасы артып, қор нарығы төмендеді
Мұнай бағасы артып, қор нарығы төмендеді / Reuters

Дүйсенбі күні мұнай бағасы күрт өсіп, инвесторлардың Таяу Шығыста тереңдеп бара жатқан қақтығысқа алаңдауы әлемдік қор нарығын төмендетті. Соғыс кеңейіп, маңызды энергетикалық бағыттар тоқтауы мүмкін деген қауіп күшейе түсті.

Шикі мұнай бағасы 3 пайызға қымбаттап, «Brent» маркалы мұнай баррелі шамамен 117 долларға жақындады. Йемендегі хоусит көтерілісшілерінің қақтығысқа араласуы аймақтық шиеленістің ушығу қаупін арттырды.

Топтың Израиль аумағындағы нысандарға зымырандар мен ұшқышсыз ұшу аппараттарын ұшырғанын мәлімдеуі Қызыл теңіздегі маңызды теңіз жолдарының қауіпсіздігіне қатысты алаңдаушылықты күшейтті.

Энергетикалық бағыттар қауіпте

Жаһандық мұнай ағындары үшін аса маңызды саналатын Ормуз бұғазы маңында, сондай-ақ әлемдік сауданың елеулі бөлігін тасымалдайтын Баб әл-Мандеб бұғазы аймағында тасымалдың үзілу қаупі күшейді.

Сауд Арабиясы Ормуз бұғазының жабылуына байланысты кейбір мұнай жеткізілімдерін балама бағыттарға бағыттады.

ҚатыстыTRT Қазақ - Мұнай бағасы артты

Шиеленістің күшеюіне байланысты  нарық тұрақсызданды

Дональд Трамптың қосымша мәлімдемелері инвесторларға әсер етіп, нарықтағы алаңдаушылықты күшейтті. Трамп Вашингтон үшін Иранның мұнай инфрақұрылымына қатысты қарастырылып жатқан нұсқалардың қатарында стратегиялық жағынан маңызды  Харк аралының да бар екенін айтты.

Бұл сөздер АҚШ қақтығысты кеңейтіп, тіпті құрлықтағы операцияларды да қамтуы мүмкін деген болжамдарды күшейтті.

Ал Иран билігі Пәкістанның Вашингтон мен Тегеран арасында араағайын болу ұсынысына қарамастан, АҚШ тарапынан ықтимал әскери шиеленістің ушығуы мүмкін екенін ескертті.

Жаһандық нарық қысымға ұшырады

Азия мен Еуропа бойынша қор нарығы Иранның ядролық нысандарына жасалған шабуылдардан кейін күрт төмендеді.

Сарапшылар мұнай бағасының өсуі инфляцияны үдетіп, жеткізу тізбектерін бұзып, компаниялардың табысына қысым жасауы мүмкін екенін ескертті.

«Pepperstone» сарапшысы Крис Уэстон нарықтың мұнай бағасының жоғарылауына және оның экономикалық салдарына реакция білдіріп жатқанын айтып, жеткізілімнің үзілуі мен теңіз тасымалына қатысты тәуекелдерге байланысты алаңдаушылықтың артқанын жеткізді.

Шиеленіс күшейіп, маңызды сауда жолдары қауіпке түскен сайын, инвесторлар ұзаққа созылатын құбылмалылыққа және кең ауқымды экономикалық салдарға дайындала бастады.

ҚатыстыTRT Қазақ - Таяу Шығыстағы соғыс мұнай жеткізіліміне ең ауыр соққы болды
Іздеу
Түркияның болашақ инженерлері «TEKNOFEST» аясында автономды жүйелерін таныстыруда
Қырғызстан мұнай импорттау желісін кеңейтуде
Иран: «Дұшпанның қоқан-лоқыларына қатаң жауап қайтарамыз»
Нигерияда қайық аударылып, 52 адам қаза тапты
Израиль сарбаздары жаралаған палестиналық көз жұмды
БҰҰ Бас хатшысы Ресейдің Украинаға жасаған әуе шабуылдарын қатаң айыптады
Оңтүстік Перуде 6,7 балдық жер сілкінісі болды
Ресей Иранды келіссөзді қайта бастауға мәжбүрлемейтінін айтып, АҚШ-ты Тегеранға қарсы соғыста агрессор деп атады
Сирия мен Пәкістан өңірлік мәселелер бойынша пікір алмасты
Сыртқы істер министрі  Мысыр және Сауд Арабиясындағы әріптестерімен телефон арқылы сөйлесті
Швейцария Ресейге қарсы санкциялардың 20-пакетін мақұлдады
Румыния Қаратеңізде қашықтықтан басқарылатын теңіз аппаратын жойды
НАТО Ресейдің Калининград облысына жақын жерде әуе жаттығуын өткізді
АҚШ-тың мемлекеттік қарызы 40 триллион доллардан асты
Қырғызстан Қытайдың Қырғызстан азаматтарына виза рәсімін жеңілдету туралы шешімін құптады