ТҮРКИЯ
1 ... минут оқылды
Түркия Президенті Әзербайжан мен Армения арасындағы бейбітшілік келісімін құптады
Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевпен телефон арқылы сөйлесіп, Түркияның бейбітшілік үшін қажетті қолдауды жалғастыратынын айтты.
Түркия Президенті Әзербайжан мен Армения арасындағы бейбітшілік келісімін құптады
/ AA

Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевпен телефон арқылы сөйлесіп, Әзербайжан мен Армения арасындағы бейбітшілік үдерісінде байқалған ілгерілеуді құптайтынын мәлімдеді.

Президент аппараты жанындағы Коммуникация басқармасының хабарлауынша, келіссөз барысында Түркия мен Әзербайжан арасындағы қатынастар және өңірлік мәселелер талқыланды.

Ердоған Әзербайжан мен Армения арасындағы бейбітшілікке қатысты соңғы уақытта байқалған ілгерілеуді құптап, бұл ілгерілеудің бүкіл өңірдің бейбітшілігі мен тұрақтылығына үлес қосатынын айтты. Сондай-ақ Түркияның бұл мақсат жолында қажетті қолдауды көрсетуді жалғастыратынын жеткізді.

Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев, Армения Премьер-министрі Никол Пашинян және АҚШ Президенті Дональд Трамп жұма күні Ақ Үйде өткен үшжақты кездесу барысында ортақ келісімге қол қойды. Бұл келісім Оңтүстік Кавказдағы көршілер арасындағы ондаған жылға созылған қақтығысты тоқтатуды мақсат етеді. Тараптар қақтығыстарды тоқтату, көлік жолдарын қайта ашу және қатынастарды қалыпқа келтіру жөнінде міндеттеме алды.

Іздеу
Президент Ердоған “Терроризмнен азат Түркия” жобасына қатысты мәлімдеме жасады
Министр Фидан: «Израильдің басқыншылық саясаты тоқтатылмаса, дағдарыс бүкіл әлемге таралады»
Түркияда халықтың интернетті пайдалану көрсеткіші  ̶  92,3 пайыз
Түркия Ұлттық барлау ұйымының басшысы Анкарада Ливия өкілдерімен кездесті
Сыртқы істер министрі Фидан Иерусалим мәселесіне арналған министрлер кездесуіне қатысады
Жоғары әскери кеңес жиналады
Президент Ердоған Сауд Арабиясының тақ мұрагерімен телефон арқылы сөйлесті
Түрік барлау қызметінің басшысы  ХАМАС көшбасшысымен кездесті
Түркия, Мысыр және Катар Израильдің Газадағы әрекеттерін қатаң айыптады
Министр Фидан шетелдік әріптестерімен телефон арқылы сөйлесті
Түрік әуе жолдары рекорд жаңартты
Түркияда қорғаныс және авиация саласының экспорты 1,12 млрд долларға жетті
Президент Ердоғанға қастандық жасамақ болған ФЕТӨ мүшесі ұсталды
Түркия Сыртқы істер министрлігі Израильдің Газадағы шабуылдарын айыптады
Түркияның «F-16» ұшақтары НАТО аясындағы кезекшілікті қабылдады
Стамбул әуежайы рекорд жаңартты
Түрік тілінің деңгейін анықтау емтиханына (TYS) өтінім қабылдау басталады
Сабиха Гөкчен әуежайы 2026 жылдың алғашқы жартысында Еуропаның ірі әуежайларын басып озды
Президент Ердоған Ливан президенті Аунмен кездесті
TİKA угандалық әйелдердің кәсіби білім алуына қолдау көрсетті