Көзқарас
МӘДЕНИЕТ
3 ... минут оқылды
«Айд-е-Гулаби»: Ұлы Моғол империясындағы Холи мерекесі
Моғол сарайларынан бастап, сопылық ғибадатханаларға дейін Холи жай алуан түрлі түс мерекесі емес, бұл Үндістанның императорлар, ақындар мен қарапайым адамдар бірге тойлайтын мерекесі.
«Айд-е-Гулаби»: Ұлы Моғол империясындағы Холи мерекесі
/ AFP

Сапфир көгілдірі, изумруд жасылы, фуксия қызғылты және алтын сары - ауада алуан түсті бұлттар айналып, көшелерде күлкі жаңғырады. Қолдар беттке ұнтақ бояу жағып жатқанда, сұйық бояу аспанға шашырайды.  Ауа әуенге, қуанышқа, көктемнің иісіне толады.

Бұл Холи - түстер фестивалі, Үндістанның қалалары мен ауылдарын тірі, тыныс алатын картинаға айналдыратын мереке.

Жыл сайын наурыз айында өтетін бұл фестиваль Үндістанға көктемнің келуін білдіреді. Бұл - жаңару, қуаныш және бірлік уақыты, мұнда әлеуметтік шектеу мен шекаралар түс пен көңіл көтерудің ортасында жойылып кетеді.

Фестиваль индуизм дәстүрінде, әсіресе Кришна деп аталатын Вишну табынушыларының арасында кең тараған. Аңыз бойынша, Кришна өзінің сүйікті Радха мен оның досы Гопистерді киелі Вриндаван мен Матхура жерінде түрлі-түсті бояулар қарсы алып, көктемді сүйіншілейді.  Осы махаббат күні бүгінге дейін жаңғырып келеді.  

Көктем келгенде, табиғат та мерекеге қосылады. Мумбайдағы тұманның ортасында «Орман жалыны» қызыл гүлдермен жарылып, көшелерде Холи, отбасылар, достар және кейде бейтаныс адамдар би биленеді.  ойна

Мәдениеттер арасындағы көпір

Бірақ тарихта Холи тек индуизм фестивалі ғана емес; ол шаттыққа толы толеранттықтың символы болды және Моғол  әлемін өзінің жарқын түстерімен бояды.

Холидің мәні 14 ғасырда өмір сүрген  мистикалық ақын Әмір Хұсрауға тиісті екені айтылған мына бір мағыналы жолдарда былай сипатталған:

«Анашым, бүгін түстер күні»

«Сүйіктімдегі түстер қандай әдемі».

Хусрау - Дели сұлтандығы кезінде өмір сүрген мұсылман сопы, шейх хазірет Низамуддин Әулиияның адал шәкірті болған ақын және сопы. Ол әртүрлі мәдениеттер тоғысқан дәстүрдің өкілі болатын. Бүгінде Делидегі Низамуддин мазары - жыл сайын Холи және Басант сияқты көктемгі мерекелер тойланатын мекен.

Бұл діни келісім рухын ғасырлар кейін Моғол  императоры Акбар одан әрі күшейтті. Акбар өзінің мұсылмандық сенімінен тыс мерекелерге құшақ жаятын түсінікпен ел басқарды. Акбардың сарайы әртүрлі дін өкілдерін қабылдайтын мәдени ордаға айналды.

Холидің қайта өрлеуі

Акбар Үндістандағы қоғамдық келісімнің сәулетшісі болып саналады. Ол Раджпут кастасынан индус билеушілерінің қыздарына үйленіп, джайн дәстүрлеріне кіруге және таңертең 1000 діни ән орындауға дейін көп нәрсені жасады. Акбар басқа нанымдардан келген әйелдерін Холи және Дивали сияқты мерекелерді өткізуге шақырды және ол сарайдың діни диалог аймағы ғибадатхананы барлық діни пікірталастар өтетін ашық кеңістікке айналдырды.

Акбардың әйелдерінің бірі кейінірек Мариям-уз-Замани деген атпен танымал индус Раджпут ханшайымы болатын. Оның бұйрығымен Холи император сарайында тойлана бастады. Императордың өзі мерекелік шараларға қосылғанда, дәстүр сарай қабырғаларынан асып, ақсүйектер де, қарапайым адамдар да мерекені қабылдай бастады.

Моғол  дәуірінде Холи тек индуизм фестивалі болудан қалды, парсы әсерінен «Айд-е-Гулаби» (раушан мерекесі) деп аталды. Гулаби термині раушан гүлдің түсіне емес, Холи мерекесінде қолданылатын нәзік қызғылт пигментті сипаттайтын.

Холидің алуан түсі

Акбардың ұлы, болашақ император Джахангир өзінің өмірбаянында (Тузук-е-Джахангири) Холиді былайша сипаттайды:

«Олардың күні - Холи, бұл олардың сенімдері бойынша жылдың соңғы күні. Бұл күн Исфандармуд айында, күн Балық зодиагында болған кезде келеді. Бұл түні әр көшеде от жағылады. Таңертең бір-бірінің басына, бетіне ұнтақ шашып, үлкен шу шығады. Содан кейін олар жуынып, киімдерін киіп, бау-бақшаларға, егістіктерге барады».

Моғол  сарайында Холи мерекесі музыкалық кештер және ақындар қатысқан мүшәйралармен атап өтілді. Сарайда Үндістанның үнді және мұсылман қауымдарының ақындары бас қосып, бірге өлең оқитын.

Уақыт өте келе қағазға түскен мерекелер

Уақыт өте келе Холидің жазбаша нұсқалары азайып, олардың орнын Моғол  миниатюралық суреттері келді. Бұл өнер туындылары императорлардың фестивальдерге қатысуы мен сарайда өткен алуан түрлі мерекелерді бейнелейді. Бұл еңбектер Холидің сарайдағы тұрмыста үлкен шаттық және көңілді атмосфераны қалай қалыптастырғанын құжаттайды.

Бахадур Шах Зафар билігінің соңғы кезеңінде де Холи  шаттықпен  атап өтілетін. Осы кезеңде Холи «Ааб-е-Паши» (түрлі-түсті гүлдер жаңбыры) деген атпен де белгілі болды және Зафар Холиді өз өлеңдерімен тойлады.

Түстердің бөлінуі

Қазіргі Үндістанда діни куәлік қоғамның ең ерекше белгісіне айналды. Қазір  Холиді мұсылмандар көп тойламайды. Бірақ бұл көне дәстүрлер сопылық ғибадатханалар сияқты жерлерде әлі де сақталған.

Іздеу
Президент Ердоған Түркия мен Әзербайжанның энергетикалық әріптестігінің маңызын атап өтті
Трамп пен Шара телефон арқылы сөйлесті
Түркия құрамасының келесі қарсыласы – Солтүстік Македония
Сабиха Гөкчен әуежайы рекорд жаңартты
Кабинет тығыз күн тәртібімен жиналады
Арда Гүлер Чемпиондар лигасының ең жарқын ойыншысы атанды
«ASELSAN» мен Қорғаныс өнеркәсібі басқармасы жаңа келісімге қол қойды
Хормозган байланыс мұнарасына жасалған шабуылдан кейін Иран Кувейттегі АҚШ әуе базасына соққы берді
Киев Ресейдің құбырын және мұнай қоймасын бомбалағанын мәлімдеді
Түрік компаниялары жылдың алғашқы 4 айында 872 миллион долларлық кілем сатты
Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандары еске алынуда
Қаратеңізде түрік кемесіне шабуыл жасалды
“Нәсілшілдік пен исламға өшпенділік – адамзатқа төнген ең үлкен қатер”
Түркия Золинген шабуылында қаза тапқандарды еске алды
Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің төрағасы Әзербайжанның Тәуелсіздік күніне орай құттықтау жолдады