ТҮРКИЯ
1 ... минут оқылды
Түркия мен Сирия сауда саласындағы ынтымақтастықты тереңдетуде
Билік өкілдері Анкара мен Дамаск арасындағы жаңа экономикалық ынтымақтастық кезеңінде шекарадан өтуді жеделдетуді, логистикалық байланыстарды нығайтуды және инвестициялық серпін беруді көздеп отыр.
Түркия мен Сирия сауда саласындағы ынтымақтастықты тереңдетуде
Түркия мен Сирия сауда саласындағы ынтымақтастықты тереңдетуде / AA

Сауда министрі Өмер Болат сәрсенбі күні Түркия мен Сирияның кеден рәсімдерін жеделдету және шекарааралық сауданы арттыруды мақсат ететін жаңа бірлескен сауда тетігі арқылы экономикалық ынтымақтастықты тереңдетуге дайындалып жатқанын мәлімдеді.

Болат Сирияның Кеден басқармасының төрағасы Кутейбе Ахмед Бедеви және Сирияның Экономика және өнеркәсіп министрі Мұхаммед Нидал аш-Шаар бастаған сириялық шенеуніктермен шекара инфрақұрылымын жаңғырту және екі ел арасындағы транзиттік өткелдерді жеделдету бағытындағы қадамдарды талқылау үшін телефон арқылы сөйлесті.

Телефон әңгімесінде кеден бекеттерін жаңғырту және кеңейту, рәсімдерді жеңілдету, сондай-ақ өткен жылдың желтоқсан айында жасалған келісімнен кейін Түркия–Сирия Бірлескен кеден комитетінің алғашқы отырысын өткізу мәселелері қарастырылды.

ҚатыстыTRT Қазақ - Түркия–Сирия транзит дәлізі келесі жылы ашылады

Екіжақты саудадағы өсім

Сондай-ақ тараптар логистикалық желілер мен инвестициялық байланыстарды күшейтудің жолдарын талқылады. Сондай-ақ Анкараның Сириямен экономикалық байланыстарды нығайтуға деген ұмтылысы атап өтілді.

Болаттың айтуынша, өткен жылы екіжақты сауда көлемі 3,7 миллиард долларды құрады. Сонымен қатар екі тарап осы көктемде Бірлескен экономикалық және сауда комитетінің отырысын өткізуге және ауқымды бизнес пен инвестициялық форум ұйымдастыруға келісті.

 

Іздеу
COP31 басталды: Көшбасшылар белсенді болуға шақыруда
Президент Ердоған БҰҰ Бас хатшысы Гутерришті қабылдады
Түркия мен Сауд Арабиясы электр энергетикасы саласында  ынтымақтастық меморандумына қол қойды
БҰҰ Бас хатшысы Гутерриш Түркияға COP31 үшін жоғары баға берді
Йемен: «Хоуситтердің Таизге жасаған шабуылдарынан 73 сағатта 33 адам қаза тапты»
Украина мәселесі бойынша Әбу-Дабиде келіссөз басталды
Қытай ІІ дүниежүзілік соғыста қаза тапқан америкалық ұшқыштардың сүйектерін АҚШ-қа тапсырды
Президент Трамп: “Иранға қарсы жаңа операция қажет емес, бірақ біз дайынбыз”
Түркия мен Өзбекстан қоршаған ортаны қорғау саласында өзара түсіністік меморандумына қол қойды
Резаи Трампты Иранның 7 талабын қабылдауға шақырды
Аныткабірде ұлы көшбасшы Ататүрікті еске алу рәсімі өтті
Фон дер Ляйен Түркия, Румыния және Болгария арасындағы ынтымақтастықты құптады
Президент Ердоған «Apple» басшысы Тим Кукты қабылдады
Израиль армиясы Батыс Шерияда бір мешітке басып кірді
COP31 қатысушылары Ататүрікті бір минут үнсіздікпен еске алды