ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Израиль Газада төрт палестиналықты өлтірді
Әл-Авда медициналық кешені ауруханаға жеткізілген жаралыларды қабылдағанын хабарлады.
Израиль Газада төрт палестиналықты өлтірді
2025 жылдың қазан айында бітім күшіне енгеннен бері Израиль кем дегенде 680 палестиналықты өлтірді. / AA

Денсаулық сақтау саласының өкілдері Израильдің Газаның орталығындағы Нусейрат лагерінде полиция көлігіне жасаған әуе соққысы салдарынан төрт палестиналықтың қаза тапқанын мәлімдеді.

“WAFA” ақпарат агенттігі Әл-Авда медициналық кешеніне сілтеме жасап, жексенбі күні шабуыл көлікті тікелей нысанаға алғаннан кейін зардап шеккендердің ауруханаға жеткізілгенін хабарлады.

Денсаулық сақтау қызметкерлері шабуыл салдарынан тағы он адамның жараланғанын айтты.

Жексенбі күні таңертең Газаның солтүстігіндегі Шейх Радван ауданында жасалған бөлек әуе шабуылы салдарынан бір адамның қаза тауып, бірнеше адамның жараланғаны хабарланды.

Израиль әскері екі оқиғаның да тексеріліп жатқанын мәлімдеді.

Бітімнің бұзылуы

2025 жылғы қазан айында күшіне енген бітім келісімін Израиль жүздеген рет бұзды. Бұның салдарынан кемінде 680 палестиналық қаза тапты және 1800-ден астам адам жараланды.

Ал 2023 жылғы қазан айынан бері Израильдің 72 мыңнан астам палестиналықты өлтіргені және 171 мыңнан астам адамды жаралағаны хабарланған.

ҚатыстыTRT Қазақ - Президент Ердоған Таяу Шығыстағы зорлық-зомбылықты дереу тоқтатуға шақырды
Іздеу
Ормуз бұғазында апатқа ұшыраған екі танкер өртенді
Конгода Эбола індетін жұқтырғандар саны 11 мыңнан асты
ЕО Даму банкі Түркияның таза энергияға көшуіне 6 миллиард доллар инвестиция салады
Түркияның баскетболдан әйелдер құрамасы Черногорияны 79:62 есебімен жеңді
Президент Ердоған COP31 саммиті аясында екіжақты кездесулерін жалғастыруда
Президент Ердоған: "Өркениетіміздің өзегінде табиғатқа деген құрмет жатыр"
БАӘ-де Украинадағы соғысты тоқтату жөніндегі үшжақты келіссөздер жалғасуда
Израиль Батыс Шерияда 165 мың шаршы метр Палестина жерін тәркілеуге бұйрық берді
Еуроодақ 2027 жылға арналған бюджет көлемін келісті
COP31 басталды: Көшбасшылар белсенді болуға шақыруда
Президент Ердоған БҰҰ Бас хатшысы Гутерришті қабылдады
Оңтүстік Корея мен Украина сыртқы істер министрлері Парижде кездесті
Иранның ықтимал шабуылдары АҚШ шенеуніктерін алаңдатып отыр
Түркия мен Сауд Арабиясы электр энергетикасы саласында  ынтымақтастық меморандумына қол қойды
БҰҰ Бас хатшысы Гутерриш Түркияға COP31 үшін жоғары баға берді