ТҮРКИЯ
2 ... минут оқылды
Фидан Израильді Таяу Шығыстағы дағдарысқа жауапты деп айыптап, Иранға ескерту жасады
Хакан Фидан өңір елдері арасында алауыздыққа себеп болуы мүмкін шиеленісті шұғыл тоқтатуға шақырды.
Фидан Израильді Таяу Шығыстағы дағдарысқа жауапты деп айыптап, Иранға ескерту жасады
Фидан Израильді Таяу Шығыстағы дағдарысқа жауапты деп айыптап, Иранға ескерту жасады / AA

Фидан өңірді бұрын-соңды болмаған дағдарысқа итермелеп отырған тараптың Израиль екенін айтып, қақтығысты өз қылмыстары мен басып алу саясатын бүркемелеу үшін пайдалануына жол бермеу керектігін ескертті.

Бұл мәлімдемені ол бейсенбі күні Дохада Мұхаммед бин Абдуррахман Әл Санимен өткен кездесуден кейін бірлескен баспасөз мәслихатында жасады. Кездесу өңірдегі шиеленісті бәсеңдетуге бағытталған дипломатиялық ресми сапар аясында өтті.

Фидан дипломатиялық келіссөздер кезінде басталған АҚШ-Израиль шабуылдарының ауқымы кеңейгенін айтып, бұл жағдай өңірді ірі қақтығыс алаңына айналдырып, жаһандық тұрақтылыққа нұқсан келтіргенін жеткізді.

«Біз бейбіт тұрғындардың өмірін елемей, азаматтық инфрақұрылымды нысанаға алған шабуылдарды қатаң айыптаймыз және қабылдамаймыз. Мұндай әрекеттер ақталмайды. Түркия бауырлас Катардың әрдайым жанында , – деді ол.

Сонымен қатар Фидан Иранға ескерту жасап, өңір елдеріне бағытталған шабуылдардың қабылданбайтынын атап өтті.

«Қандай себеп болса да, Иранның өңір елдеріне қарсы әрекеттері өңірлік тұрақтылықтың негіздерін әлсіретеді. Бұл әрекеттер қабылданбайды және Иранға да, өңірге де пайда әкелмейді», – деді.

«Иранға қарсы шабуылдар қаншалықты қате болса, Иранның да себепсіз өңір елдеріне шабуыл жасауы қате», – деп қосты ол.

Фидан сондай-ақ Тегеранды  жауапкершілікпен әрекет етуге шақырып, шиеленістің дереу тоқтатылуы қажет екенін айтты.

Ол теңіз қауіпсіздігі туралы ескертіп, мұның жаһандық сауда мен энергия тасымалы үшін үлкен тәуекелдерге әкелуі мүмкін екенін атап өтті.

Дипломатия – түпкілікті шешім болуы тиіс

Катар премьер-министрі әрі Сыртқы істер министрі Мұхаммед бин Абдуррахман Әл Сани де тараптарды сабырға шақырып, соғысты дереу тоқтату қажеттігін мәлімдеді.

«Соғыс дереу тоқтатылуы тиіс. Бұл соғыстан кімнің пайда көріп отырғаны және өңірді қақтығысқа кім итермелегені баршаға анық», – деді ол.

Әл Сани қақтығыстың ауқымын кеңейту өңірлік қауіпсіздік пен тұрақтылыққа зиян келтіретінін атап өтіп, «Қақтығысты ұлғайту өңірдің қауіпсіздігі мен тұрақтылығына пайда әкелмейді», – деді.

Ол сондай-ақ дипломатия алғашқы әрі түпкілікті шешім болып қалуы тиіс екенін айтты.

Иранның АҚШ базаларын нысанаға алғаны туралы мәлімдемелерін «қабылданбайтын жағдай әрі негізсіз» деп бағалаған Әл Сани Рас-Лаффанға жасалған шабуылдың жаһандық энергия жеткізіліміне әсер етуі мүмкін екенін ескертті.

ҚатыстыИран зымырандары Тель-Авивті атқылады, қалада өрт шықты - TRT Қазақ - TRT Қазақ

Түркияға үздіксіз қолдауы үшін алғыс білдірген ол Анкараның Дохаға қолдауы әрдайым жалғасып келе жатқанын айтты.

Сыртқы істер министрі Хакан Фидан Таяу Шығыста жалғасып жатқан соғысты талқылау мақсатында өңір елдеріне ресми сапармен барды.

Бұл сапар АҚШ пен Израильдің 28 ақпанда Иранға қарсы бірлескен операция бастауы және кейін Тегеранның өңірдегі бірқатар елге бағытталған шабуылдары салдарынан тұрақсыздық күрт күшейген кезеңде жүзеге асырылуда.

ҚатыстыTRT Қазақ - Трамп АҚШ-тың Иранда «ауқымды операция» бастағанын жариялады

 

Іздеу
Иран АҚШ-ты Исламабад  келісімін «ашық» бұзғаны үшін айыптады
АҚШ Иранға жаңа соққылар толқынын бастады
Сирия мен Франция он жылдан астам уақыттан кейін дипломатиялық байланыстарды қалпына келтіруге келісті
Президент Ердоған: "Біз саммиттен мықты нәтижемен шығамыз"
Трамп: "Біз Ердоғанмен F-35 ұшақтарын талқылаймыз"
Ердоған Анкарада Трампты қарсы алды
Әлемнің назары Анкарада
НАТО Анкара саммиті Қорғаныс өнеркәсібі форумымен басталды
Түрік баскетболшылар Әлем кубогы жолында 6 ойында 6 жеңіске жетті
Министр Фидан: "Түркия - Еуропа қауіпсіздігінің басты актерлерінің бірі"
Анкарада НАТО саммитіне арнап ірі халықаралық медиа орталық дайындалды
Макрон Асад құлағаннан кейін Сирияға барған алғашқы ЕО көшбасшысы болды
Ердоған Болгария премьер-министрі Радевті қабылдады
Фидан: "Ердоған мен Трамптың жақсы қарым-қатынасы НАТО ішіндегі шиеленісті бәсеңдетуі мүмкін"
Президент Ердоған НАТО саммитінде әлем көшбасшыларын қабылдайды