ТҮРКИЯ
2 ... минут оқылды
Түрік генералы НАТО штаб-пәтеріндегі стратегиялық лауазымға тағайындалды
Министрлік бұл тағайындаудың Түркияның альянстың бейбітшілік пен қауіпсіздік күш-жігеріне қосқан мықты үлесін көрсететінін айтты.
Түрік генералы НАТО штаб-пәтеріндегі стратегиялық лауазымға тағайындалды
/ User Upload

НАТО-ның Брюссельдегі халықаралық әскери штабына директор деңгейіне түрік генералының тағайындалуы Түркияның альянспен қарым-қатынасындағы маңызды бетбұрыс болды.

Ұлттық Қорғаныс министрлігі бейсенбі күні бригада генералы Эрай Үнгудердің НАТО-дағы «Ынтымақтастық және қауіпсіздік жөніндегі директор» лауазымына сайланғанын хабарлады.

Түрік Қарулы Күштерінің Гуманитарлық көмек бригадасы қолбасшылығында өтетін апта сайынғы баспасөз мәслихатында сөйлеген сөзінде министрлік мәлімдемешісі Зеки Актүрік «Түркия НАТО тарихында алғаш рет Брюссельдегі НАТО халықаралық әскери штабында (IMS) директор деңгейінде өкілдік етеді» деді.

Актүрік бұл тағайындаудың Түркияның НАТО-дағы белсенді рөлін және Одақтың бейбітшілік пен қауіпсіздік күштеріне қосқан сенімді үлесін көрсететінін мәлімдеді.

“Біздің ел НАТО мен Еуроатлантикалық аймақтың қауіпсіздігіне бұрынғыдай маңызды, шешуші үлес қосуды жалғастыруда және болашақта да қосатын болады” деді.

Сондай-ақ Түркияның НАТО мен БҰҰ шешімдеріне толық сәйкестікпен және халықаралық міндеттемелерге сәйкес бейтараптық пен ашықтықпен жаңа командалық міндеттерін орындайтынын атап өтті.

Актүрік Түркияның 2023 жылдың қазанынан 2024 жылдың қазан айына дейін НАТО Косово күштеріне қолбасшылық еткеннен кейін 2025 жылдың қазан айынан бастап бұл міндетті тағы бір жыл атқаратынын мәлімдеді.

Грек «NAVTEX»-і және теңіз шекаралары

Ұлттық Қорғаныс министрлігінің дереккөздері Кипр Грек әкімшілігінің 5-ші учаскесінде бұрғылау операциялары үшін берілген «NAVTEX» және Шығыс Жерорта теңізіндегі VALARIS DS-9 «NAVTEX» бұрғылау кемесі қызметіне қатысты сұраққа «Оңтүстік Кипр Грек әкімшілігі жариялаған Эксклюзивті экономикалық аймағында орналасқан 5-ші бөлім үшін жаңадан жарияланған «NAVTEX» жоқ. Дегенмен 5-ші жер учаскесінің бір бөлігі түрік континентінде орналасқан.

Дереккөздер 2020 жылы 18 наурызда БҰҰ-да ресми түрде жарияланған Түркияның құрлықтық шельфіне байланысты кез келген тәртіп бұзушылықтың алдын алатынын атап өтті.

Сондай-ақ «VALARIS DS-9» бұрғылау кемесі қазір Түркияның теңіз юрисдикциясымен қиылыспайтын 10 учаскеде орналасқаны айтылды.

Израиль әуе күштерінің Сирияға шабуылы

Министрліктің ақпарат көздері Израильдің Сирияға жасаған әуе шабуылына қатысты да «Бұл әуе операциялары Сириядағы тұрақтылықты бұзу мақсатында жасалуда» деді.

Израиль мен Сирия арасындағы шиеленіс туралы есептерді талқылаған ақпарат көздері тек ресми мәлімдемелерді сенімді деп санау керектігін еске салды.

Сондай-ақ Түркияның Израильдің Сирияға жасаған әуе шабуылын құптамайтыны баса айтылды.

«Көптеген ел сияқты Біріккен Ұлттар Ұйымы да Израильдің Сирияға жасаған шабуылдарын айыптап, оларды тоқтатуға шақырды. Жаңа Сирия үкіметінің талабы аясында саладағы іс-әрекеттерімізді қауіпсіз жүргізу үшін аймақта жан-жақты үйлестіру жұмыстарымызды жалғастырудамыз» деді.

Іздеу
Бішкектегі ШЫҰ Іскерлік форумында 150 миллион долларлық келісімге қол қойылды
АҚШ Түркияға реактивті қозғалтқыш сату үдерісін жеделдетуде
Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің төрағасы мен Әзербайжан Ұлттық Мәжілісінің төрайымы кездесті
Президент Ердоған: "Израильдің арандатушылығына қарамастан, аймақта бейбітшілік орнайды"
Сыртқы істер министрі Фидан ертең Канадаға аттанады
Түркияға қоныс аударғандардың саны 25,2 пайыз өсті
Польша президенті Түркиямен қорғаныс өнеркәсібі саласындағы ынтымақтастықтың маңызын атап өтті
Ресей түнде Украинаның 323 дронын атып түсіргенін хабарлады
Рубио Таяу Шығыс сапарын бастады
Түркия баскетбол құрамасы FIBA рейтингінде Еуропада көш бастап тұр
БҰҰ: «Суданда жыныстық зорлық-зомбылық  соғыс қаруы ретінде қолданылуда»
Оман мен Иран Ормуз бұғазы бойынша жұмыс тобын құрды
ЕО мен Қазақстан арасында маңызды келісімдерге қол қойылды
11 түрік кемесі Ормуз бұғазынан қауіпсіз өтті
Франция Иракты жеңіп, әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне шықты