ТҮРКИЯ
2 ... минут оқылды
Анкарада НАТО саммитіне арнап ірі халықаралық медиа орталық дайындалды
Нысан 1800 жұмыс орны, 100-ден астам тікелей эфир нүктесі және жан-жақты баспасөз инфрақұрылымын ұсынатындықтан, Анкараға шамамен 2500 журналист келеді деп күтілуде.
Анкарада НАТО саммитіне арнап ірі халықаралық медиа орталық дайындалды
Анкарада НАТО саммитіне арнап ірі халықаралық медиа орталық дайындалды / AA

Түркияның елордасы Анкарада өтетін НАТО саммитінен ақпарат тарататын журналистер үшін Президенттік Ұлт кітапханасында 1800 жұмыс орны, 40 монтаждау бөлмесі және 100-ден астам тікелей эфир нүктесін қамтитын Халықаралық медиа-орталық құрылды.

Дүниенің төрт бұрышынан 2500-ге жуық журналист, телеарна түсірілім топтары, фототілшілер, цифрлық медиа өкілдері мен халықаралық хабар таратушылар 7-8 шілде күндері өтетін саммит үшін Анкарада бас қосады.

Түркия Республикасы Президенттік аппаратының Коммуникация басқармасы саммит барысында медиа және хабар тарату іс-шараларын, аккредиттеу үдерістерін, таныстырылым жұмыстарын, дағдарыстық коммуникация мен қоғамдық дипломатия қызметін үйлестіру үшін НАТО арнайы тапсырмалар тобы құрылғанын мәлімдеді.

Саммит өтетін орындарда бекітілген 500 қызметкер мен қосымша іс-шаралар және дағдарыстық коммуникация бағытында жұмыс істейтін 350 маманды қосқанда, жалпы саны 850 қызметкер жұмылдырылады.

ҚатыстыTRT Қазақ - Президент Ердоған НАТО саммитінде әлем көшбасшыларын қабылдайды

Халықаралық медиа-орталық 1800 жұмыс орны, 40 монтаждау бөлмесі, 54-і тұрақты позициядағы 100-ден астам тікелей эфир нүктесі, 11 баспасөз мәслихаты залы (ең үлкені 500 адамға дейін сыяды), сұхбат алаңдары, студиялар, баспасөздің өзара іс-қимыл аймақтары, бағыттайтын көрсеткіш белгілер, сондай-ақ ақпараттық және хабар тарату экрандарынан тұрады.

Медиа-орталыққа қатысты жоспарлау және инфрақұрылымдық жұмыстар Президенттік Әкімшілік істер басқармасымен үйлесімді түрде жүргізілді.

Қоғамдық хабар таратушы TRT саммиттің халықаралық трансляциясын 96 камера, 18 жылжымалы тікелей эфир көлігі (ПТС) және 26 хабар тарату нүктесін қолдана отырып жүзеге асырады.

Коммуникация басқармасы саммит аптасында Анкара бойынша 4434 ашық аспан астындағы коммуникация нүктелерінде түрлі тақырыптағы таныстырылым науқандары да жүргізілетінін атап өтті.

 

Іздеу
Ормуз бұғазында апатқа ұшыраған екі танкер өртенді
Конгода Эбола індетін жұқтырғандар саны 11 мыңнан асты
ЕО Даму банкі Түркияның таза энергияға көшуіне 6 миллиард доллар инвестиция салады
Түркияның баскетболдан әйелдер құрамасы Черногорияны 79:62 есебімен жеңді
Президент Ердоған COP31 саммиті аясында екіжақты кездесулерін жалғастыруда
Президент Ердоған: "Өркениетіміздің өзегінде табиғатқа деген құрмет жатыр"
БАӘ-де Украинадағы соғысты тоқтату жөніндегі үшжақты келіссөздер жалғасуда
Израиль Батыс Шерияда 165 мың шаршы метр Палестина жерін тәркілеуге бұйрық берді
Еуроодақ 2027 жылға арналған бюджет көлемін келісті
COP31 басталды: Көшбасшылар белсенді болуға шақыруда
Президент Ердоған БҰҰ Бас хатшысы Гутерришті қабылдады
Оңтүстік Корея мен Украина сыртқы істер министрлері Парижде кездесті
Иранның ықтимал шабуылдары АҚШ шенеуніктерін алаңдатып отыр
Түркия мен Сауд Арабиясы электр энергетикасы саласында  ынтымақтастық меморандумына қол қойды
БҰҰ Бас хатшысы Гутерриш Түркияға COP31 үшін жоғары баға берді