ТҮРКИЯ
1 ... минут оқылды
Ердоған Сирияда тұрақты шешім қабылдауға шақырды
Президент Ердоған Сирияда бұдан кейін жасалуы мүмкін кез келген арандатушылық әрекет өз-өзіне қол жұмсаумен тең болатынын ескертті және тұрақтылықты сақтау қажеттігін ерекше атап өтті.
Ердоған Сирияда тұрақты шешім қабылдауға шақырды
Ердоған Сирияда тұрақты шешім қабылдауға шақырды / AA

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған сейсенбі күні Сирияда қабылданған атысты тоқтату келісімін құптайтынын айтып, бұл бітімнің қантөгісті тоқтатып, тұрақты шешімге жол ашуына үміт білдірді.

ҚатыстыTRT Қазақ - Ердоған Дамаскідегі атыс тоқтату келісімін жоғары бағалады

Сәрсенбі күні Ұлы Ұлттық мәжілісте биліктегі Әділет және даму партиясына қарата сөйлеген Ердоған Анкараның әу бастан Сирия мемлекетінің аумақтық тұтастығы мен саяси бірлігінің сақталуын қолдап келе жатқанын мәлімдеді.

Сирия президенттігі сейсенбі күні YPG лаңкестік ұйымымен мәмілеге келгенін, Хасакенің интеграциясы бойынша жол картасын әзірлеу үшін YPG-ге төрт күн берілгенін және осы уақыт аралығында атысты тоқтату режимі күшінде болатынын хабарлады. Ал YPG кейінірек жасаған мәлімдемесінде бітімді толық сақтайтынын айтты.

ҚатыстыTRT Қазақ - Сирияда атысты тоқтату келісіміне қол қойылды

Президент Ердоған бұдан кейін Сирияда қандай да бір арандатушылық әрекетке бару өз-өзіне қол жұмсаумен тең болатынын ескертіп, тұрақтылықты сақтау қажеттігін атап өтті.

Ол толық интеграцияның жаңа кезеңнің басталуын айғақтайтынын және тұрақтылықтың орнауы ең алдымен Сириядағы күрдтер үшін маңызды екенін айтты.

«Біздің ешбір елдің аумағында мүддеміз жоқ және ешбір мемлекеттің ішкі ісіне араласпаймыз, бірақ еліміздің мүдделеріне нұқсан келуіне жол бермейміз», – деді Ердоған.

Ердоған сондай-ақ АҚШ президенті Дональд Трамппен телефон арқылы сөйлескенін, телефон әңгімесінде Сирияның қауіпсіздігіне үлес қосатын түрлі мәселелер, соның ішінде ДАИШ-пен күрестегі бірлескен күш-жігер сияқты тақырыптар талқыланғанын жеткізді.

ҚатыстыTRT Қазақ - Президент Ердоған: «Түркия Сириядағы жағдайды мұқият бақылауда»
Іздеу
Ресей: «Украинаның логистикалық орталықтары мен кемелеріне соққы жасадық»
Израиль күштері мен заңсыз қоныстанушылар екі палестиналықты өлтірді
Қырғызстан мен Пәкістан екіжақты сауда көлемін 200 миллион долларға жеткізуді көздейді
Гирне жағалауында апатқа ұшыраған жолаушылар кемесінің қалдықтары табылды
"Грекия қарулы мәртебесі жоқ аралдарды қаруландырудан бас тартуы керек."
"Нашарлап бара жатқан қарым-қатынастар үшін Путиннің Жапонияны кінәлауы қабылданбайды"
АҚШ-тың Иранға жасаған соңғы шабуылдарынан кемінде 18 адамның қаза тапқаны хабарланды
Израиль әскері Батыс Шерияда намаз оқылып жатқан мешітке көзден жас ағызатын газ лақтырған
Әзербайжанда қару-жарақ қоймасы жарылып, 5000 адам эвакуацияланды
Трамп Иранды келіссөз үстеліне отырғызуға тырысып жатыр деген айыптауларды теріске шығарды
Непал мен Қытайдағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 1 130-ға жетті
Польшада бастауыш мектептерде телефонға тыйым
Синайдағы автобус апатынан 16 адам қаза тапты
«Филенің сұлтандары» Еуропа чемпионатының ширек финалына жолдама алды
Стамбул маңында екі сауда кемесі соқтығысты