Көзқарас
ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
2 ... минут оқылды
Тегеранда тұрмыс қиындап барады
Тегеран тұрғындары электр станциялары мен көпірлерге жасалуы мүмкін әуе шабуылдарынан қауіптеніп, жарықтың өшуіне, қоныс аударуға және барған сайын болжауға келмейтін болашақ үшін алаңдаулы.
Тегеранда тұрмыс қиындап барады
Сол жақтағы Захра Аргаван мен Мехди Алишир 5 сәуір жексенбі күні Тегерандағы үйлерінде терезелерін тексеріп жатыр. / AP

Захра Аргаван мен Мехди Алишир Тегеран көгінде күннің батып бара жатқанын бақылап, әуе шабуылдарының дыбысына дайындала отырып, балконда тұр.

АҚШ президенті Дональд Трамптың соңғы ультиматумының мерзімі таяған сайын, олардың ойын жаңа үрейлер биледі: егер нысандар бомбаланса, электр қуаты қанша уақытқа сөніп қалады? Егер көпірлер қиратылса, қаладан қалай шығады?

Бес апта өткен соң олар америкалық және израильдік әскери ұшақтардың гүріліне, жарылыс дыбыстарына және ұйқысыз түндерге үйреніп қалған. Көпшілік сияқты олар да астанадан кетіп, қауіпсіз жер іздеп, кейін қайта оралған.

Олар терезелеріне жарылыс салдарынан қорғану үшін мөлдір орау таспасын жапсырған. Айналар мен сынғыш заттар кейбірі алынып тасталды, қалғаны мықтап бекітілді. Құжаттар, дәрі-дәрмек және ең қажетті заттар салынған сөмке дайын тұр.

Демалыс күндері Трамп: «Сейсенбі — Электр станциялары күні және Көпірлер күні болады», ал Иран басшылары Ормуз бұғазын ашпаса, «тозақта өмір сүретін болады» деген еді.

«Ашығын айтқанда, жағдай шынымен де өте белгісіз», - деді Аргаван. «Шын мәнінде, электр қуатының қанша уақытқа өшетінін де, жарықсыз өмірдің қандай болатынын да толық түсініп отырған жоқпыз.»

Алишир өзінің де, жұбайының да ең көп бір апта бойы электр қуаты және ағын сусыз күн көре алатынын айтуда. «Егер бұдан ұзаққа созылса, онда міндетті түрде қиындыққа тап боламыз», - деді ол.

ҚатыстыTRT Қазақ - Президент Трамп Иранға қысымды күшейтті

Олардың қиындықтары 28 ақпанда америкалық және израильдік алғашқы бомбалар Иранға түспей тұрып-ақ басталған еді.

Иран үкіметінің қаңтар айындағы ел көлеміндегі наразылықтарға жасаған қатаң қысымы интернетке қолжетімділікті қатты шектеді. Интернетті бақылаумен айналысатын “NetBlocks” ұйымы мұны тіркелген ең ұзақ жалпыұлттық интернет үзілуі деп атайды.

Аргаван ирандықтарға француз тілін үйрететін шағын тіл курсын жүргізеді.

«Біз негізінен онлайн мектеп едік, ал оқушыларымыз шетелдегі балалармен бірге сабақ оқитын», — деді ол. «Оқушыларымыздың шамамен 50 пайызы шетелде тұратын. Бірақ қазір осы интернет өшулері салдарынан жұмысымыз шынымен тұралап қалды.»

Ерлі-зайыпты соғыстың басталуына Израиль мен АҚШ-ты кінәлайды және дипломатиялық шешімнен үміт күтеді.

«Жақын арада қандай да бір келісім жасалады деп үміттенемін. Ол қандай болса да, адамдарға пайдасын тигізсе екен, өйткені дәл қазір ең ауыр құнды төлеп отырған — қарапайым адамдар», - деді Аргаван.

ҚатыстыTRT Қазақ - АҚШ сенаторлары: “Трамптың Иранға бағытталған қоқан-лоққылары соғыс қылмысына тең”
Іздеу
Еуропаның бес елі мигранттарды Руандаға көшіруді жоспарлап отыр
АҚШ-та әуе қатынасындағы іркілістер әлі  жалғасуда
Ресейді соғысты жалғастыру үшін сылтау іздеп отыр деп айыптады
Ресей Украинаның 1300-ден астам ұшқышсыз ұшу аппаратын атып түсіргенін мәлімдеді
COP31 төрағасы: “Әр елдің даму жолы әртүрлі, бірақ болашағымыз ортақ”
АҚШ және 9 ел жасанды интеллект қауіпсіздігі саласындағы ынтымақтастықты нығайтады
Эстония 1 желтоқсаннан бастап Ресеймен шекарасын жабады
Израильде сайлау кезіндегі арандатушылыққа Нетаньяхудың қатысы бар деген күдік туды
«Түркия Палестинаны қолдауды жалғасырады»
НАТО-ның келесі саммиті Албанияда өтеді
Президент Ердоған: «Палестина күресін барлық мінберде қорғаймыз»
Президент Ердоған COP31 аясында қарқынды дипломатиялық кездесулер өткізуде
Украина Ресейдің Волгоград қаласына шабуыл жасады
«Көшбасшылардың COP31 саммитінде танытқан табандылығы Париж климаттық келісімі үшін үміт ұялатады»
Трамп қызметінен кетпес бұрын Куба мәселесін шешуді көздеп отыр