ТҮРКИЯ
1 ... минут оқылды
Түркия мен Алжир президенттері кездесті
Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Израильдің экспансионистік саясаты аймақ үшін ең үлкен қауіп тудырып отырғанын мәлімдеді.
Түркия мен Алжир президенттері кездесті
Түркия мен Алжир президенттері кездесті. / AA

Ердоған бейсенбі күні ел астанасы Анкарада Алжир президенті Абдельмаджид Теббунмен өткізген бірлескен баспасөз мәслихатында «Газа, Батыс Шерия және Ливандағы Израиль агрессиясы өңіріміз үшін негізгі қауіпсіздік мәселесінің қазіргі Израиль үкіметінің экспансионистік, заң мен халықаралық нормаларды елемейтін саясаты екенін тағы бір мәрте көрсетті», - деді.

Президент Ердоған: «Түркия мен Алжир өңіріміздің бейбітшілігі мен қауіпсіздігіне елеулі түрде қауіп төндіріп отырған зорлық-зомбылықты тоқтату мәселесіне байланысты ортақ ұстаным танытып отыр. Алжирмен өзара тиімді ынтымақтастық қағидаты негізінде достық пен әріптестікті барлық салада ілгерілетуді жалғастырамыз», - деп қосты.

Президент Теббун да Израильдің өңірдегі әрекеттерін айыптап, «Израиль оккупациясының халықаралық құқықты бұзуын, бауырлас Ливанға қарсы ашық шабуылдарын және Газадағы қатыгез шабуылдарын айыптаймыз», - деді.

Ынтымақтастықты нығайту

Көшбасшылар Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің отырысына тең төрағалық етіп, екіжақты келісімдерге қол қою рәсіміне қатысты.

Ердоған Анкараның энергетика, тау-кен өндірісі, көлік және ауыл шаруашылығы секілді стратегиялық салаларда Алжирмен ынтымақтастықты нығайтуға ниетті екенін білдірді.

Түркия президенті екі елдің энергия жеткізу қауіпсіздігі, әсіресе табиғи газ саласындағы ұзақмерзімді ынтымақтастықты тереңдетуді жалғастырып жатқанын атап өтті.

Теббун Алжир мен Түркия экономикалық байланыстарды нығайту және «ортақ тарихи мұраны» сақтауды мақсат ететінін айтты.

ҚатыстыTRT Қазақ - "Түркия — «әлемнің байланыс нүктесі» деңгейіндегі экономика"
Іздеу
Украина дрондары Татарстандағы тұрғын үйге түсті
НАТО саммиті кезінде Анкарада қауіпсіздік шаралары күшейтіледі
Түркия мен Болгария арасындағы ынтымақтастық талқыланды
Израиль заңсыз қоныстарды кеңейту үшін 51 миллион доллар бөлді
«Түркия — НАТО-дағы аса маңызды әрі стратегиялық одақтас»
Сыртқы істер министрі Фидан Болгария премьер-министрімен кездесті
Түркия мен Сауд Арабиясы стратегиялық серіктестікті нығайтуда
Хакан Фидан: «АҚШ пен Иранды келіссөздерге қайта кірісуге шақырамыз»
«Никол Пашинян Армения мен Түркия арасындағы теміржол қатынасының жақын уақытта ашылатынына үміт бі
БҰҰ Израильді палестиналық балаларды қорғауға шақырды
Еуропалық орталық банктің негізгі пайыздық мөлшерлемені көтеруі болжануда
Қытайдың оңтүстігінде жарылыс болды
Президент Ердоған Түрік Қызыл Жарты ай қоғамының құрылған күніне орай құттықтау жариялады
«Солтүстік Кипр Түрік Республикасының құқықтары мен мүдделерін қорғауды жалғастырамыз»
“Президент Трамп зымыран қорының азаюына байланысты қорғаныс өнеркәсібі басшыларымен кездеседі”