Көзқарас
САЯСАТ
3 ... минут оқылды
Трамп Орталық Азия елдерінің басшыларын қабылдайды
Бұл кездесу Вашингтонда Орталық Азияның бес басшысының алғашқы жиналысы болып табылады. АҚШ Мәскеу және Бейжіңмен бәсекелестік күшейген кезде ресурсқа аймақ елдерімен байланысты тереңдетуге ұмтылуда.
Трамп Орталық Азия елдерінің басшыларын қабылдайды
Трамп Орталық Азия елдерінің басшыларын қабылдайды / AP

АҚШ президенті Дональд Трамп бейсенбі күні Вашингтонда Орталық Азияның бес елінің басшыларын алғаш рет қабылдайды. Бес елдің басшысы жақында ғана Ресей президенті Владимир Путин және Қытай мемлекет басшысы Си Цзиньпинмен кездесу өткізген болатын.

 Ресей Украинаға басып кіргеннен кейін Мәскеудің дәстүрлі ықпалы тергеліп, сонымен қатар Қытай да маңызды актер болған ресурсқа бай осы аймаққа батыс еллерінің қызығушылығы артты.  

 Ықпал үшін жарыс

 Украина соғысы басталғалы  бері Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан басшылары «C5+1» форматы аясында басқа елдермен байланыстарын күшейтті. АҚШ пен Еуропалық Одақ 1991 жылы Кеңес Одағынан тәуелсіздік алған осы елдермен дипломатиялық қарым-қатынастарын күшейтті. АҚШ пен Орталық Азияның алғашқы саммиті 2023 жылы өтті.

 Биыл ЕО басшысы Урсула фон дер Ляйен, Ресей президенті Владимир Путин және Қытай мемлекет басшысы Си Цзиньпин Орталық Азияның бес елінің басшысымен саммит өткізу үшін аймаққа сапарлай барды.

Сонымен қатар аймақтағы келіспеушіліктердің көпшілігінің шешілуі Орталық Азия елдеріне дипломатияда біртұтас ұстаным көрсетуге мүмкіндік берді. Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстанмен шекаралас ел ретінде Қытай ірі инфрақұрылымдық жобаларға инвестиция салып, өзін басты коммерциялық серіктес ретінде көрсетті.

Кеңес Одағының бұрынғы республикалары Мәскеуді стратегиялық серіктес ретінде қарастырса да,  көршілес Украинаға Ресейдің басып кіруі оларды алаңдатты.

2000 жылдардың басында Ауғанстандағы әскери операциялар кезінде Орталық Азиядағы базалар пайдаланған кезде батыс елдері аймақпен байланыстарын орнатқан еді.

ҚатыстыTRT Қазақ - Қытай АҚШ-пен сауда соғысында соңына дейін күресетінін мәлімдеді

 Ресурстарға бай аймақ

 АҚШ пен Еуропалық Одақ аймақтың әлі толық пайдаланылмаған табиғи ресурстарына қызығушылық танытуда. Олар сирек кездесетін металдар қорын әртараптандыруға және Пекинге тәуелділікті азайтуға тырысуда. Қазақстан  - сирек кездесетін метал ресурсынан басқа,  әлемдегі ең ірі уран өндіруші, Өзбекстанда көлемді алтын қоры бар, ал Түрікменстан газға бай. Таулы өңір Қырғызстан мен Тәжікстан да жаңа минералды кен орындарын аша бастады.

  Кеңестік дәуірдегі инфрақұрылымы арқылы Ресей аймақтың энергетика секторында берік орныққан.

Орталық Азия - әлемдегі ең ластанған аймақтардың бірі. Климаттың өзгеруінен ең көп зардап шеккен өңірлердің де бірі болып табылады. Бес елдің барлығы да су тапшылығымен күресуде.

 Күрделі логистика

 Алайда осы ірі қорларды игеру қатал табиғи құрылымы мен  кең байтақ жерге ие осы елдерде  қиындық тудырады. Территориясы Еуропалық Одақтың аумағымен шамалас, бірақ халқы небәрі 75 миллионға жуық Орталық Азия құрлықтың ортасында орналасқан және жері шөл және таулардан тұрады. Солтүстікте Ресей, шығыста Қытай, оңтүстікте болса  Иран мен Ауғанстан секілді батыс елдерімен қатынасы жақсы емес елдермен көрші.

Бірақ ғасырлар бойы Жібек жолының бойында орналасқан бұл аймақ өзінің тарихи сауда орталығы ретіндегі рөлін қайта жандандыруға тырысуда.

Орталық Азияның осы бес мемлекеті Мәскеуге тәуелділіктен арылу үшін бірнеше серіктестік құрды. Қытай да,  Брюссель де Кавказ арқылы Еуропадан Орталық Азияға жетуге мүмкіндік беретін, Ресейді шеттетіп, Каспий теңізі арқылы өтетін  көлік бағытын дамытуға қолдау көрсетуде.

 Ресми статистикаға қарағанда,  Ресей-Украина соғысы алдында, 2021-2024 жылдар аралығында бұл жолмен тауар тасымалы 660 пайызға өсті.

Іздеу
Мажарстан премьер-министрі мемлекет басшысын қызметінен босатуға ниетті
АҚШ Иран нысандарына әуеден соққы жасады
Трамп пен Шара телефон арқылы сөйлесті
АҚШ Иранға жаңа санкция салды
Украинаның ЕО-ға қосылу үдерісі үшін алдағы апталар шешуші болмақ
Израиль күштері ХАМАС жетекшісінің өлтірілгенін хабарлады
Трамп: «Иранның байытылған ураны жойылуы тиіс»
АҚШ Иранның оңтүстігіндегі нысандарға соққы берді
Ресей шетел азаматтары мен дипломаттарды Киевтен кетуге шақырды
Трамп: «Иранмен келіссөздер нәтижелі өтуде»
Франция Израиль министрі Бен-Гвирдің Франция аумағына кіруіне тыйым салды
Иран АҚШ-тың Ливандағы елшісіне салған санкцияларын айыптады
Трамптың Иранға қарсы әскери әрекеттеріне шектеу қою туралы бастамаға дауыс беру тоқтатылды
Рютте: “НАТО күшейіп келеді және бір ғана одақтасқа тәуелділікті азайтады”
НАТО: Анкара саммиті одақтастардың міндеттемелерін орындауына назар аударады
«Жаһандық Сумуд» флотындағы 87 белсенді аштық жариялады
Израиль Ливанның оңтүстігіне шабуылдады
Еуропалық Одақ пен АҚШ сауда келісімі бойынша өзара ымыраға келді
Трамптың сапарынан кейін бұл жолы Путин Бейжіңде
Президент Трамп: “Иранмен ядролық келісімге келуге жақсы мүмкіндік бар”