ТҮРКИЯ
2 ... минут оқылды
Түркия мен Сомали жаңа келісімге қол қойды
Келісім Түркия мен Сомали арасында сараптамалық тәжірибе алмасу, құжаттармен алмасу және еңбек күші саясатын үйлестіру үшін құқықтық негіз қалыптастырады.
Түркия мен Сомали жаңа келісімге қол қойды
Келісім Түркия мен Сомали арасындағы еңбек ынтымақтастығын нығайтуға бағытталған. / AA

Министрліктің хабарлауынша, сейсенбі күні Түркия мен Сомали Түркия–Сомали Бірлескен Жұмыс комиссиясының Бірінші отырысының хаттамасы мен 2026–2027 жылдарға арналған Іс-қимыл жоспарына қол қойып, келісімнің ресми түрде күшіне енуін қамтамасыз етті.

Түркия–Сомали Бірлескен Еңбек комиссиясының алғашқы отырысы Түркия астанасы Анкарада өтті.

Осы орайда Еңбек және әлеуметтік қамсыздандыру министрі Ведат Ишыкхан Сомалидің Еңбек және әлеуметтік істер министрі Салим Алио Ибро және оның делегациясымен кездесті.

Ишыханның айтуынша, хаттама мен іс-қимыл жоспары жұмыс орындарын мемлекеттік бақылау, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау, халықаралық еңбек күші қозғалысын тиімді басқару, кәсіптік білім беру және ұлттық кәсіптік стандарттарды дамыту сияқты негізгі салаларда жан-жақты әрі тұрақты ынтымақтастықты көздейді.

ҚатыстыTRT Қазақ - Сомали министрі: «Президент Ердоғанның Сомалиге сапары - ел тарихындағы маңызды кезең болды»

Ибромен өткен екіжақты кездесуден кейін Ишыкхан әріптесімен бірге делегациялар деңгейіндегі отырысқа төрағалық етті.

Отырыста сөз сөйлеген түрік министрі Түркия мен Сомали арасындағы қарым-қатынастардың барлық салада нығайып, кеңейіп келе жатқанына қанағаттанатынын білдіріп, екіжақты байланыстардың жылдар бойы стратегиялық сипат алғанын атап өтті.

Тиімді әрі нәтижеге бағытталған ынтымақтастық кезеңінен үміт күтетінін айтқан Ишыкхан: «Министрлік ретінде өз құзыретімізге кіретін мәселелер бойынша сомалилік тараппен тәжірибемізді бөлісуге ерекше мән береміз және осы салалардағы ынтымақтастығымызды күшейтуді мақсат етеміз», – деді.

Сондай-ақ ол 2026–2027 жылдарға арналған егжей-тегжейлі ынтымақтастық жол картасы қолданыстағы әріптестікті жаңа деңгейге көтеріп, оның аясын кеңейтетінін және екі министрлік арасында ақпарат, құжат және сарапшы алмасуды қамтамасыз ететін берік құқықтық негіз қалыптастыратынын атап өтті.

ҚатыстыTRT Қазақ - Президент Ердоған: «Түркия адам құқықтары мәселесінде әлемге үлгі болып отыр»
Іздеу
Министр Байрактар Түркия үшін атом энергетикасының ерекше маңызға ие екенін атап өтті
Түркия баскетбол құрамасы FIBA рейтингінде Еуропада көш бастап тұр
11 түрік кемесі Ормуз бұғазынан қауіпсіз өтті
Қаратеңіз жағалауындағы дрон шабуылынан екі түрік теңізші жараланды
Президент Ердоған Ирак премьер-министрімен сөйлесті
Польша президенті Түркияға сапарлай келеді
Министр Фидан Каирде бірқатар кездесу өткізді
НАТО Парламенттік саммиті Стамбулда өтеді
Каирде жиналыс өтті
Түркияда білім алатын палестиналық студенттердің шығындарын "Baykar" өтейді
«Türkiye is Here»: Лос-Анджелесте Түркияны танытатын арнайы алаң ашылды
Сингапур премьер-министрі Вонг Түркияға келеді
Түркияның Португалияға экспорттайтын екінші тарихи әскери кеменің өндірісін бастады
«Түркия тұрақты бейбітшілікке үлес қосады»
Ұлттық Қауіпсіздік Кеңесі жиналады
Түркия волейбол құрамасы FIVB Ұлттар лигасында Франциямен кездеседі
"Түркия болмаса, Трамп келмейтін еді"
Хакан Фидан Владимир Путинмен кездесті
Могадишодағы Сомали әскери мектебінде түрік тілі фестивалі ұйымдастырылды
Президент Ердоған елшілердің сенім грамоталарын қабылдады