Иранның Хормозган Теңіз қатынасы және порттар басқармасының бас директоры Мохаммад Реза Мохаммад Хосейнитахти АҚШ шабуылдарымен 28 ақпанда басталған соғыс пен жалғасып жатқан шиеленіске, сондай-ақ күшейтілген санкцияларға қарамастан соңғы 6 айда елден 5 миллион 140 мың тонна мұнай өнімдерінің экспортталғанын хабарлады.
Иранның «Fars» ақпарат агенттігінің хабарына қарағанда, Хормозган Теңіз қатынасы және порттар басқармасының бас директоры Хосейнитахти мұнай өнімдерінің экспортына қатысты мәлімдеме жасады.
Хосейнитахти АҚШ шабуылдарымен басталған соғыс пен жалғасып жатқан шиеленіске, сондай-ақ күшейтілген санкцияларға қарамастан елдің мұнай өнімдері экспортының ешқашан тоқтамағанын және жалғасып жатқанын айтты.
Ормуз бұғазына көршілес Хормозган уәлаятындағы Бендер-Аббас қаласында орналасқан Шахид Реджаи портынан жүзеге асырылған мұнай өнімдері экспортының да тоқтаусыз жүріп жатқанын жеткізген Хосейнитахти былай деді:
«(Иранда жылдың алғашқы күні болып есептелетін 21 наурыздан бастап) 6 айлық мерзім ішінде 325 кеме операциясы тіркелді және бұл операцияларда 5 миллион 140 мың тонна мұнай өнімдері экспортталды».






















