ТҮРКИЯ
2 ... минут оқылды
Түркия НАТО-ға қосылуының 74 жылдығын атап өтуде
Анкара Еуро-Атлантикалық қауіпсіздік одағындағы орталық рөлін растады, ал НАТО Түркияны қорғаныс саласындағы тұрақты инвестициялары мен операцияларға белсенді қатысқаны үшін жоғары бағалады.
Түркия НАТО-ға қосылуының 74 жылдығын атап өтуде
Түркия НАТО-ға қосылуының 74 жылдығын атап өтуде / Reuters

Түркия сәрсенбі күні НАТО-ға қосылуының 74 жылдығын атап өтіп, Еуро-Атлантикалық қауіпсіздіктегі негізгі рөлін тағы да растады.

Түркия Сыртқы істер министрлігі «Nsosyal» әлеуметтік желісіндегі мәлімдемесінде Анкараның қуатты әскері, дамыған әскери мүмкіндіктері және серпінді қорғаныс өнеркәсібі арқылы Еуро-Атлантикалық қауіпсіздікке маңызды, әрі жан-жақты үлес қосуды жалғастырып отырғанын айтты.

Министрлік сондай-ақ 2026 жылдың 7–8 шілдесінде НАТО саммитінің Анкарада өтетін хабарлап, Түркияның одақ ішіндегі маңызын атап өтті.

НАТО өкілі Эллисон Харт сейсенбі күні Түркияны тұрақты одақтас, әрі ұжымдық қауіпсіздікке маңызды үлес қосушы мемлекет ретінде сипаттады.

Анадолы агенттігіне берген сұхбатында Харт Анкараның тұрақты қорғаныс инвестицияларын және НАТО миссиялары мен жаттығуларына белсенді қатысуын атап өтті.

«Шілде айында Анкарада өтетін келесі НАТО саммитін асыға күтеміз. Бүгін Түркияның НАТО-ға қосылғанына 74 жыл толған сәтте оның одаққа қосқан үлесінің көпқырлылығын тағы бір мәрте еске саламыз», -  деді Харт.

Ол сондай-ақ Түркия НАТО-дағы ең ірі екінші армия екенін және одақтың ең мықты қорғаныс өнеркәсіптерінің біріне ие екенін атап өтті.

НАТО миссияларында белсенді рөл

Түркия одақ құрылғанан кейін үш жыл өткен соң 1952 жылдың 18 ақпанда одаққа қосылды.

Түркияның Қаратеңіз, Таяу Шығыс және Шығыс Жерорта теңізінің тоғысындағы стратегиялық тұғыры елді 70 жылдан бері өңірлік дағдарыстар мен терроризмге қарсы күрес күш-жігерінің алдыңғы шебіне шығарды.

Бүгінде Түркия НАТО-ның әлем бойынша жүргізіліп жатқан операциялары мен миссияларына ең көп үлес қосатын екінші ел. Қазіргі уақытта Косово күштеріне (KFOR) қолбасшылық етіп отырған Түркия әскери оперциясы арқылы миссияға ең ірі үлес қосушы мемлекеттердің қатарында.

Шамамен 2000 түрік әскері «TCG Anadolu» шабуыл кемесі жетекшілік ететін теңіз тобымен НАТО-ның «Steadfast Dart 2026» оқу-жаттығуларына қатысуда.

ҚатыстыTRT Қазақ - Түркия алғаш рет НАТО-ның амфибиялық жедел тобына қолбасшылық етеді

Дамыған қорғаныс өнеркәсібі

Түркияның әскер саны ғана емес, қорғаныс өнеркәсібі де айтарлықтай қарқын алды. Ел аумағында 3 500-ден астам қорғаныс компаниясы жұмыс істейді, ал Еуропадағы 29 НАТО мүшесі компанияларының жалпы саны шамамен 2 800-ге жетеді.

Түркияда өндірілген қарулы ұшқышсыз әуе аппараттары қазіргі соғыс майданындағы тиімділігіне байланысты әлемдік ұшқышсыз әуе аппараты нарығының шамамен 65%-ын құрайды.

2020-2024 жылдар аралығында Түркия әлемдегі ең ірі қорғаныс өнімдерін экспорттаушы елдер арасында 11-орынға ие болды.

ҚатыстыТүркияның өркендеген қорғаныс өнеркәсібі - TRT Қазақ - TRT Қазақ

Анкара сондай-ақ НАТО-ның 32 мүшесі арасында одақ бюджетіне қосқан үлесі бойынша 7-орында тұр.

Түркия 2026 жылы одақ бюджетіне 355 млн доллар, ал 2030 жылға дейін 730 млн доллардан астам қаржы бөлуі мүмкін.

 

Іздеу
Президент Ердоған Айя-София мешіті туралы жазба жариялады
Түрік ұшқыштар Ұлыбританияға барады
АҚШ армиясы Ирандағы әскери нысандарға соққы берді
Иран шабуылдарынан кейін Бахрейн мен Кувейтте дабыл қағылды
Израиль Газада тұрғын үйлерге шабуылдады
Ресей шабуылынан Павлоградта 3 адам қаза тапты
“Wildberries” қоймасына жасалған дрон шабуылынан 3 адам жараланды
Түркия израильдік министрдің әл-Ақса мешітіне басып кіруін айыптады
Түркия әуе рейстерін уақытында орындауда көш бастап тұр
Балтық елдері ортақ резервтік энергия қуатын құру бойынша келісімге келді
"Барлық ауруға ем табылса да, мәңгі өмір сүру мүмкін емес"
Волейбол: Түркия құрамасы жартылай финалға шықты
Әзербайжан президенті Әлиев Бакуде «құпия» кездесу өткенін мәлімдеді
Жапониядағы математика олимпиадасына Түркиядан қатысқан 11 оқушы 11 медаль жеңіп алды
«ASELSAN» Босния және Герцеговинаға дрондарға қарсы қорғаныс жүйелерін жеткізеді